Ақын музейі — Алматыда!

        «Ұлтымыздың рухани әлемін Мұқағалисыз елестету мүмкін емес». Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде М.Мақатаев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Хантәңірі қыранына биылғы жылы 90-жыл толып отыр. Ақынының шығармашылығын ұлықтаған халқы, әр жерлерде өз кезегінде ақын мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуде. Мұқағалидың мол мұрасы сақталған, қазіргі таңда қара шаңырағына айналған ақынның музейі келелі келісімдермен, қарышты қадамдар жасауда. Жырының бастауы болған Қарасаз ауылында орналасқан Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі, ғұмырының шабытты шақтары өткен Алматы қаласындағы «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» ақынның көзі тірісінде тұтынған, ең құнды экспонаттардан «Алаш жырының ақиығы-Мұқағали Мақатаев» тақырыбында жылжымалы көрме қойды. Уақыт өткен сайын өз құндылығы қымбаттайтын ақынның елуге жуық жәдігерлері көрсетілді. Көрменің ашылу салтанатына, елімізге белгілі ақын жазушылар, өнер майталмандары және ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаевпен, келіні Бақытгүл Айдарова қатысты. Ашылу салтанатында алғы сөз алған ақын Нұрлан Оразалин ақынның мерейтойымен құттықтап, ерекше естеліктерден қозғап, жасап жатқан жұмыстарға батасын берді. Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан ағамыз да ашылу салтанатының құрметті қонақтарының бірі болды. Ақынның інісі, жерлесі, Қазақстан Республикасының мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан ағамыз, мерекемен құттықтап, жасалып жатқан музей жұмыстарына сәттілік тіледі. Алматы тұрғындарына және қала қонақтарына, ақынның туған жеріне аяғы жетпейтін адамдарға таптырмас мүмкіндік екенін еске салды. Ақын музейі Алматы қаласында бірінші рет. Мұқағали Мақатеавтың әдеби-мемориалды музейінің жетекшісі Ерлік Ахметов сөз сөйлеп, болашақта ақын шығармашылығын дәріптеу жолында осындай жұмыстарды Алматы музейімен бірігіп жасайтындығы жөнінде айтып өтті. Көрмені ұйымдастырудағы басты ойын білдірген, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Үмбеталиев Әнуар Мұқтарханұлына алғысым шексіз.

Ақын өзі өлеңінде:

Жақындық сеземін

Күннен де аспаннан.

Жылулық сеземін,

Мұздардан тастардан.

Өмірім сірә, да әріден басталған,

Әріден басталып мәңгіге тасталған

Мен сірә өлмейтін,

Өлмейтін шығармын

Сәл ғана мызғып ап.

Қайтадан тұрармын…

       Амал қанша ол Алатаумен Арқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан кезінде, жалынды жырларымен, әзиз ата ақ шашты аналардың жүрегін әлдендіріп, мәртебесін биіктетіп, бөбектердің бесігін тербете бастаған шағында бұл өмірмен қоштасы. Ақын өзі өмірмен қоштасқанмен, өлеңмен қасиетті өнермен қоштасқан жоқ. Мәңгілік еліміздің ұрпақтарының ойында, отты жырлары мәңгілік сақтаулы.

Бірлік Серікұлы,

Мұқағали Мақатаевтың

әдеби-мемориалды музейінің

экскурсия жүргізушісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password