«Ақылбектің» Отарында
Халқымыз ерте заманнан көшпелі өмір салтын ұстанып, соған қарай қолындағы мал-жанын бейімдеген. Ата-бабаларымыз сол замандардың өзінде қолындағы төрт түлігін әр мезгілге сай жайылымға шығарып отырған. Өрістегі қойлары мен үйір-үйір жылқыларын, сондай-ақ, табынды ірі қараларын қоршаған ортаның климатына сай бейімдеген.
Іссапармен Сарыжаз ауылына қарасты Қоғалы деп аталатын жерде орналасқан Талғат Ноянбайұлы Ақылбеков жетекшілік ететін «Ақылбек» шаруа қожалығына бардық. Әңгіменің басын аман-саулықтан бастап, бірден іске көштік. Мал шаруашылығын өркендетуге ден қойған Талғат Ноянбайұлы шопан ата тұқымының 400- дей басын, зеңгі баба тұқымының 80 нен аса басын өсіруде. Бұл кәсіп атадан қалған мұра екендігін әңгіме барысында тілге тиек етті. Атасы 40 жылдан аса мал бағумен айналысқан өз ісін жетік меңгерген кәсіп иесі болғандығын айтып отыр . Кейінірек әкесі Ноянбай осы Калинин колхозында мал шаруашылығын өркендетуге ден қойған.
Талғат бүгінгі таңда Жанат Бәстібаевамен отау құрып, 3 қыз бен 1 ұлды тәрбиелеп отырған асқартау әке. Жолдасының мамандығы медицина қызметкері. Балалары жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген студенттер. Әкеден қалған осы кәсіпті жалғамақ ниетпен, қожалық жетекшісі жұбайымен бірге 2003 жылдан бастап шаруашылықтың ісін қолға алуды жөн көрген.
Малдың қоңына байланысты оның жем-шөбін алдынала дайындап отыруды әдетке айналдырған. «Ақылбек» шаруа қожалығының жетекшісі төл уақытындағы жұмыстардың жеңіл болмайтынын әңгімесіне өзек жасады. Төлден ұтылмау үшін жаңа туған жас төл мен енесіне уақытынан кешіктірмей жылы қораға қамап, барынша жағдай жасау керек дейді. Сондай еңбектің арқасында әр қойдан орта есеппен 1-ге бір қозы алатынын жасырмады. Осы шопан ата тұқымының түрлері бойынша саулық қойлардың көбісі – меринос болса, аталықтары – еділбай қойлары екен. Былтырғы жылы сиыр малын асылдандыру мақсатында асылтұқымды ангус бұқалар әкелініп, қожалық жұмыстары қыза түскен.
Елдос Серікұлы,
Сарыжаз ауылы.
0 Пікір