Ақсу аудандық орталық ауруханасында Ресейлік «Спутник V» вакцинасын егу жұмыстары 3 наурыздан бастап жүргізілуде.

        Ауданда алғашқылардың бірі болып «Спутник V» вакцинасын салдырған аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы: «Коронавирус індетіне қарсы Ресейлік вакцинаны алғашқы болып салдырдым. Вакцинаның кері әсерлерін байқамадым, жағдайым жақсы. Аудан тұрғындарына айтарым осы қауіпті індетті жеңу үшін екпе салдыру, барлығымызға ортақ міндет екенін айтқым келеді » — деді.
Екпе салар алдында дәрігердің арнайы тексеруінен өтіп, арнайы құжаттар толтырылып, вакцина жайлы толық ақпарат берілгенен кейін ғана вакцина салынады. Препарат енгізілгеннен кейін арнайы бөлмеде дәрігердің бақылауында 30 минут болуға міндетті. Қандай да бір кері көрсеткіштер байқалмаса, салдырған күннен бастап 21 күннен кейін екінші мәрте вакцина салынады. Екпе жүкті, бала емізетін әйелдерге, балаларға, белгілі бір тізімдегі адамадарға салынбайды.
Ауданға алғашқы 300 дана вакцина жеткізіліп, бүгінгі күні 220 екпе салынды. Екпені ауданның медицина, полиция қызметкерлері, мұғалімдер, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері ерікті түрде салдыруда.
Сондай-ақ ревакцинацияның екпелер ауданға жақын арада келеді деп күтілуде.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password