Ақ  мол болсын

        Қазақ халқы ықылым заманнан бері салт-дәстүрін берік ұстап, оған деген жауапкершіліктің қамытын мойнына ерте киді. Халқымыз басынан небір замандарды өткерсе де ұлттық мейрамдарын қастерлей білген. Көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз төрт түлік деп тіршіліктерін жалғастырған. Соған орай, малдың жайылымына байланысты, төрт мезгілге бейімделген. Қақаған қыстың аязы бітіп, күн жадырап, аспанға нұрын төккен жайма-шуақ көктемнің жылы самалы адамдардың өн бойына еніп, тұла-бойыңды бір жылылық басады. Айтса айтқандай, Наурыз мейрамы – түркі халықтарының рухани қазынасы, әрі дәстүрдің оң бағасы.

       Атамыз қазақ, Наурыз мерекесін түркі халықтарының жаңа жылы деп таныған. Өйткені, осы бір тіршіліктің бастауы болған көктемде, яғни 22 Наурызда күн мен түннің теңелетін керемет шағы. Күн жылынып, Жер-ана өз тіршілігін жаңарудан бастайды, табиғат жаңа- ша бір кейіпке енгендей әсер қалдырады.

        «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Бәле-жала жерге енсін», — деп халқымыз әр кез Наурыз мейрамын жақсылыққа балап, ұрпағына ұғындырудан жалықпаған. Ақ түйенің қарны жарылатын бұл күнді еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін асыға күтетіні жасырын емес. Қазақи көйлек пен кимешек киген ақ жаулықты аналарымыз жеті түрлі дәмнен дайындалатын Наурыз көжесін ерекше ықыласпен ұсынады. Кішкентай балапандарымыз асыр сала ойнап, қарияларымыз қазынаға толы әңгімесін айтатын, ұлттық болмысымызды жан-жақты қырынан көрсететін айшықты мейрам. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әз-Наурыз мерекесі ауданымыз үшін тек оң бастамаларға жол ашсын!

   Гүлшат Базарбекова,

ұстаз, Қайнар ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password