АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ КҮНІ

    Дана халқымыз «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген тәмсілді бекер айтпаса керек. Бүгінде баба мұрасындай болған сол бір жасыл белдеуді болашақ ұрпақ күтіп ұстап, көзінің қарашығындай сақтағаны жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында орман қорын ұлғайтып, елді мекендерге ағаштар отырғызуды тапсырған болатын.

      Табиғат – отан байлығы дейміз. Осыған орай, отанымыздың байлығы ортаймасын деген мақсатта облыстық ағаш отырғызу күні аясында ауданымызда 1013 ағаш отырғызылды. Аудан әкімі Берік Фатықұлы бастаған және мекеме қызметкерлері бірігіп аталған жақсы істің жанынан табылды. Аспантаудың аясында орналасқан біздің аймақтың табиғаты көрген көздің жауын алатыны белгілі. Осынау сұлу табиғатымызды қорғап, оны одан әрі көркейтіп көгалдандыру біздің борышымыз.

    Ауданда «Жасыл аймақ» жол картасы бойынша 2021-2025 жылдар аралығында барлығы 36 000 ағаш егу жоспарланған. Көктемгі тазалық айлығы барысында аудан бойынша 4302 ағаш отырғызылған болатын.

«ХАНТӘҢІРІ».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password