Райымбек ауданының аумағында карантинді шараларды одан әрі күшейту туралы

№ 9 ҚАУЛЫСЫ                                                                                                                

 2020ж. 22 шілде

Нарынқол ауылы

        Мен, Райымбек ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  Ф.С. Ережепова Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 03 шілдедегі №44  «Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» және Алматы облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 18 шілдедегі №21 Қаулыларын басшылыққа алып, Райымбек ауданында СOVID-19 сырқаттанушылығының  1,3% өсуімен, Райымбек ауданы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімімен карантиндік шараларды одан әрі күшейту мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Карантинді шараларды жалғастыру және аудан аумағында қатаң шектеу шараларын ұзарту. Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
  2. Райымбек ауданы әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, Райымбек аудандық полиция басқармасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі және «Атамекен» ҰКП Райымбек ауданы бойынша филиалы ауданның қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті объектілерді қоспағанда (азық-түлік және көкеніс дүкендері, дәріхана, ашық алаңдағы асхана), 2020 жылдың 25 және 26 шілдеде барлық объектілердің қызметін тоқтата тұруды қамтамасыз ету.
  3. Аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, полиция басқармасы қамтамасыз ету қажет:

2.1 Аудан аумағының периметрі бойынша Ақбейіт ауылында мобильдік бекеттің болуын полиция және әкімшілік  қызметкерлері қатарынан 2020 жылдың 27 шілде 02 тамыз күндері аралығында ұйымдастыру.

2.2 Аудан аумағына демалу мақсатында сырттан келген адамдардың (қонақтардың) кіруіне тыйым салу.

Ауылдық округтердің әкімдері, аудандық полиция басқармасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі және «Атамекен» ҰКП келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:

Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, донер) сондай-ақ, ашық ауада 30 орыннан аспайтын жазғы алаңдарды қоспағанда.

Демалыс орындары, сонымен қатар Шалкөде, Шоғансай, Шұбартал жайлауына барып демалушылар.

  1. Ауылдық округтердің әкімдері, аудандық полиция басқармасы және ауданның басқа да жұмылдырылған қызметтері қамтамасыз етсін:

       3.1 Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер,  конференциялар, форумдар, семинарлар,  ойын сауық спорттық іс-шараларды, сондай ақ отбасылық, естелік іс шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, құдалық, қыз ұзату, мерей тойлар, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.

  1.   Райымбек ауданының тұрғындарына:

4.1 Жабық үй-жайларда және көшеде, оның ішінде сауда объектілерінде, қоғамдық орындарда және басқа да көпшілік жиналатын орындарда бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.

4.2 Барлық жерде, оның ішінде жабық ғимараттарда (жеке көлікте) бетпердесіз болуға тыйым салынады.

4.3 Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, дене қызуының көтерілуі) пайда болған кезде жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге болады.

4.4  Жабық үй-жайларда ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық (үйлену тойлар, мерейтойлар, туған күндері, құда түсу, ұзату,  еске алу), спорттық іс-шараларды  және т.б. өткізуге тыйым салынады;

4.5  Елді мекендер ішінде бірінші қажеттілік тауарларынан, дәрі дәрмектер және зейнетақы төлемдері үшін қозғалуынан басқа, 65 жастан асқан тұрғындардың көшеге шығуын шектеуді және бір отбасы мүшелерінен басқа, елді мекендер ішінде 3 адамнан артық топтардың жүріп тұруына тыйым салынады.

4.6 Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүруіне тыйым салынады.

Райымбек ауданының полиция басқармасы қамтамасыз етсін:

Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде профилактикалық сипаттағы шараларды қолдануды.

Ауылдық округтердің әкімдері, кәсіпкерлік бөлім және «Атамекен» ҰКП қаулыда көрсетілген қызметтің тоқтатылғандығын объектілерді хабардар ету, ресми сайттарға қажетті ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету.

Шаруашылық субъектілерінің (объектілерінің) басшыларына, барлық жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, меншік нысандары мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, осы Қаулының талаптарын қатаң орындау.

Райымбек аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:

Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдануды.

Райымбек аудандық ішкі саясат бөлімі және бұқаралық ақпарат құралдары:

Халық арасында ресми көздерден түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейту.

Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password