Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін қолдаймын

   Коронавирус індеті күнен-күнге өршіп бара жатқан уақытта мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Кемелұлы дер кезінде мәлімдеме жасады деп ойлаймын. Халқымыздың қал-жағдайын көтеру мақсатында, әр азаматтың осындай сын сағатта мемлекет тарапынан қолдау табатындығын  баса айтты. Бұл дегеніміз мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, көмектер көрсетіледі деген сөз. Ауру дендеген шақта әр науқастың жанынан табылатын ақ халатты абзал жандарға үш ай көлемінде үстеме ақы төленетіндігін және медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де өз шешімін тапқандығын мелекет басшысы нақты айта кетті. Осындай қолдау инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырып, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінетіндігін айтты. Ал табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде 42500 теңге көмек көрсетілетін азаматтардың саны артатынын жеткізді. Бұл дегеніміз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндерге де көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледіОсындай қолдаулар баршамыз бірге екендігімізді көрсетеді. Біз бірге болған кезде ғана осы коронавирусты жеңеміз деп ойлаймын. Біздерге қолдау көрсетіп жатқан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысым шексіз. Қазақ елі  біз біргеміз!  

Нұрлан ӘБДӘМҮТӘЛІПҰЛЫ, 

Шалкөде ауылы. 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password