2021 жылға кірістер мен мүлік туралы декларацияны 38 000 адам толтырды

    2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер мен мүлік туралы жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі. Осы уақыт ішінде декларацияны 38 000 адам толтырды, заң бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Бұл туралы «Jetisy ‘ Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.

1-кезеңнен жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары өтеді. Сонымен қатар, 2 кезең 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады. Бұл кезеңнен Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары өтеді. 2024 жылы 3 кезең басталады, мұнда заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсырады.

«Соңғы кезең 2025 жылы өтеді, осы уақытта декларацияны азаматтардың қалған санаттары толтыратын болады», — деп атап өтті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Ләззат Оразбекова.

Декларацияны қағаз жүзінде ұсыну 15 шілдеге дейін және электрондық түрде ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмей өткізу керек. Декларацияны электронды түрде-«салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы беруге болады. cabinet.salyk.kz) және «eSalyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарды қоспағанда, жеке тұлғалар, мысалы, мемлекеттік қызметшінің жұбайы(зайыбы) тұрғылықты жері бойынша декларация тапсырады. Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.
Декларация мемлекетті көлеңкелі экономикадан шығару үшін енгізілетінін еске саламыз.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password