20 ЖЫЛ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАРУДА

        Жұмыспен қамту бағдарламасының шапағатын көргендердің қатарында Ескелді жұршылығы да бар.

Биыл дәл осы ауданға қазынадан 3 млрд 22 млн 685 мың теңге бөлінген. Аталған қаражатқа аудан бойынша жоспарланған 59 жобаны іске асыру жоспарланған.

Осы жобалардың ішінде ең ауқымдысы Бақтыбай ауылдық округінде орналасқан мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтуі.

Өнер ошағының 20 жылдан кейін екінші тынсы ашылғалы тұр. Сән-салтанаты жарасқан ән мен күйдің ордасына көрерменнің келмегеніне біраз жылдың жүзі болған.

«Ал, енді Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта 864,6 млн.теңге бөлінген»,- дейді Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асхат Ғалымжанұлы.

Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды. Алдағы уақытта ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында жаңарған мәдениет үйінде көптеген үйірмелер ұйымдастырылмақ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password