2022 жылғы 29 қыркүйекте Бас прокуратурада Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, «Атамекен» ҰКП, негізгі министрліктер басшыларының, Парламент депутаттарының, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар, бизнес және адвокаттық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешу бойынша тапсырмаларын іске асыру қорытындылары талқыланды
Іс-шараны ашқан Бас Прокурор Берік Асылов қазіргі жаһандық сын-қатерлер мемлекет және кәсіпкерлер үшін де жаңа «ойын ережелерін» талап ететінін айтты. Сондықтан өзара әрекеттесудің жаңа деңгейі қажет болатынына назар аударды.
«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов прокуратура органдары құрылып жатқан экожүйенің маңызды бөлігі, ал кәсіпкерлер мен негізгі министрліктердің қадағалау органы алаңында кездесуі прокуратура органдарының бірлескен диалогқа ашық екендігінің тағы бір дәлелі екенін жеткізді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов прокуратура органдарымен тиімді ынтымақтастық туралы баяндады. Бизнес-омбудсмен оларды шешу үшін аумақтық прокурорларды жұмылдыруды қажет ететін кәсіпкерлердің бірқатар проблемаларын ортаға салды.
Прокуратура органдары мен бақылаушы органдар жұмысының жаңа форматы туралы депутаттар мен адвокаттар қоғамдастығының өкілдері өз көзқарастарын білдірді.
Кездесу соңында бизнесті қорғау бойынша 2023 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары қабылданды.
0 Пікір