100 мың адам ажал құшқан апатқа 35 жыл

     Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч.ернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.
ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды

Чернобыль атом электр станция­сын­дағы апатқа, сәуірдің 26-сы кү­ні 35 жыл толады. Бұл — келтірген зала­лы мен салдары жөнінен ХХ ғасырда­ғы ең ірі техногендік радиациялық апат.Чернобыль атом электр станциясында­ғы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құ­ра­мын­дағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апа­­ты­­ның зардабын жоюшылардың бә­рі­не әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Олар өз денсаулығы мен өмі­рін қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, кө­мек көрсетті. Чернобыль апаты күл­лі адамзаттың қасіретіне айналды. Он­да қазір радиация деңгейі төмендеген­мен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпын­да қалып отыр.
Елдің құтын қашырған апаттың зияны қанша уақыт өтседе өшпеді. Мыңдаған жасты ажал құштырған оқиға ойдан кетпес. Сондықтан да ол, тірі жанды тіршілігінде тыныштығын айырған тажал ретінде мәңгі ел жадында қала бермек.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password