4.5 C
Нарынкол
Пятница, 19 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҚАРИЯЛАР – САРҚЫЛМАС ДАРИЯЛАР

Нарынқол ауылында ардагерлер мен зейнеткерлер арасында аудандық фестиваль өтті. Жеке орындаушы, дуэт, вакалдық ансамбль, хор және мәнерлеп оқу, шахмат, дойбы ойындары бойынша жоғары дәрежеде өнер көрсеткен қарттар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында өткен облыстық фестивальға қатысты. Ауданымыздың намысын қорғауға барған қарттарымыз бірден көрермендердің назарын өздеріне аудара білді. Облыстық фестифальда Оразхан Құсайынұлы атамыз атақты Біржан салдың «Теміртасын» өте жоғары деңгейде орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сарыбастау мен Текес ауылындағы әжелерден құралған «Алтын қазық» және «Ақкер» әжелер ансамблі де шаршы топтың алдында өнер көрсетіп көрерменнің көзайымына айналды. Әбиева Тұрсынай апамыз М. Мақатаевтың «Атамекен» поэмасынан үзінді оқып, көрерменге қасиетті Хантәңірдің етегіне барып келгендей әсер қалдырды.

Жалпы фестиваль барысында ауданымыздағы ардагерлер мен зейнеткерлер өнерлерінің үстем екенін, жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын тағы бір дәлелдеп қайтты. Зейнеттік демалыста болса да ауданымыздың намысын әлі қолдан бермей қорғап жүрген қарттарымыз аман болсын!

Аяла ҰЛАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының сауда орталықтарында терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі

Ағымдағы айда Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың күштері мен құралдарының Террористік көріністерге шұғыл ден қою жөніндегі іс-қимылдарын...

Осыған ұқсас мақалалар