Өнерлі өрендер

 Мектеп – білім мен тәрбиенің қатар жүретін киелі мекені екені рас. Білім ошақтарынан оқушылар күнделікті білім алып қана қоймай, жан-жақты тәрбие алады. Биылғы 2019-2020 оқу жылында 1 «а» сыныбын қабылдап алдым. Оқушыларым кішкентай болса да шетінен білімді де өнерлі. Осы орайда мектепшілік, облыстық, республикалық, Халықаралық жарыстарда талантты оқушылар өз білімдерін көрсетіп келеді. Оған дәлел төмендегі оқушыларымның жетістігі.

      Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай республикалық көлемде өткен «Абай-дана, Абай-дара қазақта» байқауында Ерікқызы Меруерт «көркемсаз» номинациясынан 1-орынды иеленді.

         «Talaptylar-kz» орталығының қолдауымен өткен «Табиғатты танимын» шығарма жазу байқауында Мухамеди Сәнім жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

         22-қаңтар күні Республикалық өнер байқауы «Jastar jalyny» байқауына жеті оқушым қатысып барлығы да жүлдемен оралды. «Көркемсаз» жанрында Сұлтанбаев Дархан 3-орын, Хаджымұрат Қарақат 3-орын, Нахаева Ақзере 3-орын, Ерсұлтан Тоғжан 2-орын, Садырхан Фатиха 2-орын, Санатқызы Ақниет 1-орын, «Вокал» жанры бойынша Мухамет Шолпан 2-орынға табан тіреді.

         26-қаңтар күні өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 89-жылдығына орай Республика көлемінде өткен «Самға Самұрық XI» байқауында көркемсаз аталымы бойынша Нұрғанатқызы Айша жүлделі 2-орынды еншісіне байлады.

      Ұстаздардың еңбегінің жемісі – шәкіртінің жеңісі екені белгілі. Шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмай оза шабатын кішкентай жүйріктеріміз көп болғай.

Шынар ТҰРЫСБЕК,

Т. Жанұзақов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.      

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password