Өнерді өркендету – парызымыз

 Сарыбастау ауылының берекесі – бірлігінде. Көңіл көкжиегін кеңіткен көркемді істердің қатарында мәдениет ошағының орны бөлек. 1965 жылдан  жұмыс  жасайтын мәдениет үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігінде жаңалықтар жетерлік екен. 2014  жылы  күрделі  жөндеу көрген ғимараттың көркі көз тоярлықтай. 300 орынға шақталған көрермендер орнынан бөлек, келісті кең сахнасы бар. Бүгінде мәдениет  үйінде  би, домбыра, эстрада – вокал, қолөнер үйірмелері жұмыс жасайды. Көненің көзіндей, сөзіндей болған  «Ақкер» әжелер ансамблі де құрылған. Он екі мүшесі бар ақ кимешекті әжелер ұлттық әндерді нақышына келтіре орындайды. Ауылдың айтулы шаралары  ансамбльдің қатысуынсыз өтпейді. Әр  үйірменің   өз  жетекшілері  бар. Барлығының білім, білігі толысқан мамандар. Олардың арқасында талапты өнерпаздарымыз көптеп шығуда.

    Ауыл  жастары, мекеме  қызметкерлері   мәдениет  үйімен  тығыз  байланыс  жасайды. Түрлі шараларға, мәдени кештерге ұйымшылдықпен мақсат құрамыз. Әкімшілік тарапынан, ауыл  азаматтарынан , түлектерден мейлінше  демеушілік  болады. Жетістіктің барлығы – еңбекпен келеді. Бұл тұрғыда көрмедей көрсетер жаңалықтар аз емес. Аудандық қала берді,       облыстық  шаралардан  жүлделі  орындардан көрініп жүрміз. Алмабеков  Ауған, Иматай  Наурызбай,  Әшірбек  Айгерім, Разхан  Мағжан, Кемелбай  Әмина, Кемелбай  мирас сияқты бетке ұстар өрендермен мақтана аламыз.   Мекемемізді  2009  жылдан  басқарып  келе  жатқан  Гүлнар Тыныбаева, мәдениет  үйінде  өтетін  түрлі    шараларға  ұйытқы  болып  келеді. Мұндағы әрбір мәдениет қызметкерлерінің өнерге деген асқан құрметін жемісті еңбектерінен көре аламыз. Өткен күнге қарап, болашаққа бет түзейсің. Әр жасаған дүниелеріміз еңбектегі нәтижеміз деп білеміз. 2018  жылы  облыстық  мәдениет, Архив  және   құжаттама  басқармасының  ұйымдастыруымен  «Ауылым  алтын  бесігім» атты   облыстық  семинарды  өте  жоғары  деңгейде ұйымдастырғаны  үшін  облыс  әкімі  Амандық  Баталовтың  алғыс   хаты мен   3  000 000 (үш  миллион) тұратын  дыбыс  күшейткіш  аппаратура  сыйлыққа берілді. Жеке еңбегімді бағалағаны болар  Қоғамдық  марапаттар  жөніндегі  республикалық  кеңестің «Қазақ  өнерінің  қайраткері» медалімен марапатталдым. Бұл менің ғана емес барлық мәдениет үйіндегі қызметкерлердің марапаты, еңбегі деп ұғамын. Бүгінде  мәдениет  үйінің  «Шежіре өнер  тәлімі отауы»  әжелер  мен аталар  ұлағаты  өнегесі және  өнерін  жас  ұрпаққа  үйрететін  үйірме  жолға  қойылған. Бұл да болса елбасының «рухани жаңғыру» бағдарламасына қарлығаштың қанатымен су сепкендей қосқан үлесіміз деп түсінем.

Гүлнар Танабаева,

Сарыбастау мәдениет үйінің жетекшісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password