Әлеуметтік көмекті «TELEGRAM-БОТ» арқылы рәсімдеңіз

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік төлем тағайындаған еді. Аталған көмекті еліміз бойынша шамамен 1,5 млн. адам алады деп жоспарланған болатын.

Халықты әре-сарсаңға салмай, тез әрі оңай жолмен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді рәсімдеуге билік барынша жағадай жасауда.

Арнаулы жәрдем ақыға, арнайы сайт, «egov» электронды үкімет порталы, «TELEGRAM-БОТ» арқылы өтініш беруге болатынын әуел бастан БАҚ жарыса жазды.

Ел арасында электронды үкімет порталы дұрыс жұмыс істемейді деген сөз желдей есті. Оның басты себебі, өтініш беруші адамдардың санының көптігі еді. Ал, бүгінгі күні «TELEGRAM-БОТ» ешқандай кедергісіз жұмыс істеп тұр.

Бұл қосымшамен қалай өтініш беру керек десеңіз. Ретімен өтінім берудің қадамдарын тағы да назарларыңызға ұсынамыз.

Telegram бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1-қадам: Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, «EgovKzBot2.0» іздеп табу керек;

2-қадам: «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайды;

3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді.

4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);

5-қадам: Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;

6-қадам: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;

7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі.

Айта кетейік, төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізіледі.

Егер сіз, әлеуметтік төлемді алатын санатқа жатсаңыз онда бағыңызды сынап көріңіз.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password