Ұрпақтар сабақтастығы

  Міне, жақында 2020 жылдың табалдырығын аттадық.  Иншалла еліміз аман, жұртымыз тыныш, бай-қуатты тірлік кешіп отырмыз. «Айдан-айға,  жылдан-жылға аман-есен жеткізе гөр!» -деп тілейтін біздің қазаққа керегі отбасы тыныштығы мен бейбіт өмір, татулық пен береке-бірлік. Ең бастысы «Ел тәуелсіздігінің 28 жылдық» мерейтойы аталып өтті. Әлем жұртшылығы алдындағы абыройымыз асқақтап мәртебеміз марқайып, тәуелсіздігіміз тұғырлы бола түсті. Егемен еліміздің еңсесі тағы бір сатыға биіктеді.

             Елбасымыздың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларынан туындайтын ұлттық құндылықтарымызды қайта түлетіп жандандыру, рухани мұраларға лайық мұражайларды, өнерді мәдениетті дамыту, уақыт талап етіп отырған және кешіктірмей қолға қайта алып, бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру қоғам алдындағы басты борыш болып тұрғаны анық. Осындай кезеңде тәуелсіздік мерекесі күндерінде Қайнар ауылында әскери игілікті шара ұйымдастырылды. «Ұрпақтар сабақтастығы» деген ұлағатты әңгіме бекер айтылмаған ғой. Бұл кездесуге Қайнар жұртшылығы ерекше дайындалып келген еді. Қайнар орта мектебінің акт залына мектеп мұғалімдері, оқушылары, ауыл азаматтары жиналған. Мектеп акт залына «Ұрпақтар сабақтастығы» атты тақырыбымен көрме қойылған. Бүгінгі кездесу кейіпкері «Ат тұяғын тай басар» дегендей белгілі ақын жерлесіміз Айтақын Әбдіқалдың бауыры Тоқтасын Әбдіқал ағамыздың баласы, ауыл түлегі Әбдіқал Ерлан Тоқтасынұлына арналған кездесу еді. Әкесі Тоқтасын Әбдіқалұлы да  «Хантәңірі» газетіне өлең шумақтары, мақалалары жарияланып, өлеңдер топтамасы жинақталған «Тау баласы» атты кітабының авторы еді. Ерлан Тоқтасынұлы әкелер жолын жалғастырушы, поэзия құдіретін бала кезінен түйсініп өскен, көңілге түйгендерін ақ қағаз бетіне түсіріп жүрген азамат. Жасы ұлғая келе жинақталған, топталған өлеңдерін, жырларын «Құс қанатты ғұмырым» атты тақырыпта жинағын халқына ұсынған еді. Әбдіқал Ерлан Тоқтасынұлы жайлы айта кетсек, Қайнар ауылында 1967 жылы көп балалы Тоқтақын аға әулетінде 10 баланың 5-іншісі болып өмірге келген. 1974-1984 жылдары Қайнарда 10 жылдық мектепте білім алған. 1984-85 жылдары колхозда жұмыс істеген. 1985 жылы мамырда совет армиясы қатарына қабылданып, 1987 жылы абыроймен маусым айында, туған ауылға оралған. Совет Армиясында қатарында әскери борышын өтеп жүрген кезде 1986 жылы Украина жеріндегі «Черноболь атом электор станциясындағы» жойқын атом салдарынан  жоюға қыркүйек, қазан, қараша айларында қатысқан. Ол Черноболь қызыл жұлдыз орденімен медальдарымен марапатталған, қазіргі таңда Іле ауданында Ынтымақ елді мекенінде тұрады. Ерлан өлеңдері Республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Ынтымақ ауылының  құрметті азаматы кездесудің ең тартымды өткені мынада еді. Кездесу біріншіден қаламгер ақынмен көзбе-көз жүздесу болса, екіншіден қайсарлық «Черноболь батыры» жерлесімізбен қауышу сәті болды. Астанадан, Талдықорғаннан, Іле аудынынан өзіміздің Райымбек ауданынан Черноболь ардагерлері қоғамының жетекшілері қатысып, сол кездегі зор апаттың елге әкелген қиындығы, жанын аямай жойқын апатқа қарсы күрескен ерлігі ұмытылмайтын әскери борышын атқарған жерлесіміз жайлы соның ішінде Ерланның болғаны жайлы айтылды. Сол Черноболь апатына қатысып, адамның организиміне зиянды атомдық, химиялық удың қаншама жасты жалмағанын күннен-күнге олардың шеттерінен сиреп бара жатқанын айтып мұңайды. Черноболь ардагерлерін бастап келген Марат Жүніс-бек. Республикалық Черноболь ардагерлері мен қоғамдық ұйымдарымен мүгедектері, үйлестіру кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары, бірнеше кітаптың авторы Мұстафа Хусаин Дәуітұлы Алматы облысы «Черноболь ардагерлерімен мүгедектері қоғамдық бірлестік төрағасы», Мухидинов Нұрхайын іле ауданынан. Ақжолтаев Рахат Ерболатұлы Алматы облысы Талдықоған қаласынан, Рахимов Жұмаділ Кербұлақ ауданынан, Алботаев Мәулен Игенбайұлы Райымбек ауданы «Черноболь  ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы» жерлесіміз Черноболь ардагері. Әбдіқал Ерлан Тоқтасынұлымен бірге колектив болып келуі патриоттық тәрбие беруде қазіргі жастарға қажетті төзімділік Отанға туған жерге деген махаббаттан құралатынын атап өтті. Кездесудің 2-бөлімінде Е.Тоқтасынұлының «Құсқанаты ғұмыры» атты кітабының тұсаукесу рәсімі өтті. Тұсаукесу рәсімін Республикалық Черноболь ардагерлерімен мүгедектері үйлестіру кеңесінің бірінші орынбасары Марат Жүніс-бек, ауыл әкімі Серік Тоқсейітұлы орындаған соң, ауылдағы еңбек ардагері ардақты апа Келеке апай шашу шашып, батасын беріп бір сергітіп тастады. Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Базарбекова Гулшат, педұйымдастырушысы Байтерекова Самалдың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары дауылпаз ақын Мұқағали, белгілі ақын Айтақын ағамыздың, сонымен жерлес ақын Тоқтасын Әбдіқалұлы және ұлы Ерланның өлеңдерінен, жырларынан шашу шашылып, ауыл перзенті сазгер Бақытжан Заманбеков «Сен ауылға келгенде» әнші автор өзі орындап, «Қызқарағай» әнін орындаған Гүлшат Базарбекованың әні көрермен көзайымына айналды. Кездесу барысында Ерлан Тоқтасынұлының жырларының шығу тарихына тоқтайтын, өлеңдерін ақын жақында өмірден өткен ата-анасын, бауырларын еске алып көзіне жас алды. «Туған жер», «Нарынқол  нар бесігім төрімдегі»,  «Әке», «Анама», «Желтоқсан құрбандары», «Черноболь қасіреті», «Черноболь батырларына», «Черноболь жайлы ел білсін», атты жырлары оқырман жүрегіне жол ашты. Кештің келесі бөлімінде мектеп оқушылары жас, ақын 7- сынып оқушысы Жәрден Бақытнұрдың талапты өрен екенін танытып ақындар ізбасары болады деген үмітпен өнерінің бірнеше төл шығармасы, шыңдалып, келген қонақтармен жерлестер көңілінен шықса, екінші талапкер жас әнші  Рахап Бота орындаған «Бұлбұл» әні Бибігүл апасының ізбасары өсіп келеді-ау деп ел ағалары, Черноболь батырлары балаларға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Қайнар жұртының, бір-біріне деген құрметіне риза болды. «Өзіңді-өзің жаттай күт, жат жанынан түңілсін»дегендей келген қонақтар игілікті жұмыстарды ұйымдастырып отырған, ауыл әкімі Серік Тоқсейітұлына ауыл азаматтары Қарсақбай, Қалқаман, Тілеуберді сыныптастары Жомарт, Бөкен, мектеп директоры Утапова Раяның пікірлері бойынша кездесу осындай арамыздан шыққан азаматтарды құрметтеу, болашақ ұрпақтарға таныту басты парызымыз деген еді зейнеткер ұстаз Союзхан. Мектеп үлкен қара шаңырақ екенін бұрынғыдан келе жатқан «Қарашада қара үй тұр, қарайлай жүр артыңа» -демекші кез-келген адам ұшқан ұясына қанша уақыттан кейін болсада, тәуетіп, елін-жұртын ұмытпай қанша биікке жетседе тағзым етіп тұрғаны абзал деді. Ауыл, мектеп, кітапхана қорына кітаптар сыйлыққа беріліп, мектеп мұражайына «Черноболь батырлары» атты арнайы бұрыш жасалса деп өтініш білдірген еді. Кездесу соңында ақынның ата-бабаларына арнап ас берілді. Кездесу тартымды, есте қаларлық болып өтті. Қорыта келгенде болашақ ұрпақ үшін, өтілетін кез-келген жиын, отырыс, кездесу мақсатты болса ғана рухани жаңғыру болады демекшімін ағайын.

Союзхан ИСЕМБАЕВА

                                                     Райымбек ауданының

 Құрметті азаматы,

                                                  Қайнар ауылының зейнеткер  ұстазы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password