ҰБТ: «Алакөлдік түлектер 3 этапты тексеруден өтеді»

  Мектеп түлектері үшін биылғы оқу жылы тосынсыйға толы болды.

Елдегі ахуалға байланысты 2020 жылы ҰБТ тапсырушылар үшін жаңа өзгерістер көп“, деп хабарлайды «Jetisy Media» ақпараттық алаңы.

Биылғы ҰБТ-дағы өзгерістер әр ата-ана мен түлектерді толғандырып жүргені мәлім.

Осыған орай, бүгін Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы тікелей эфирде арнайы баспасөз маслихатын өткізді.

Оның айтуынша Алакөл ауданы бойынша биыл 37 орта мектепте барлығы 683 түлек 2019-2020 оқу жылын аяқтаған. Олардың 634-і Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру үшін онлайн түрінде өтініш беріп, базаға тіркелген. 49 түлек ҰБТ тапсырудан өз еріктерімен бас тартты.

Биыл Алакөлдік түлектер ҰБТ-ны 4 лек бойынша тапсырады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу аудан орталығы Үшарал қаласында орналасқан №1 орта мектебінің базасында өтеді. Бүгінгі күнде 5 аудиторияға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, парталары қойылып, дайындық жұмыстары толығымен аяқталды. Жаңадан 5 G маркалы 5 тұншықтырғыш және тікелей бейнебақылау жүргізу үшін 8 IP камерасы алынып, орнатылды.

Шалғай ауылдағы түлектердің жатын орны мен тамақтануы да қамтамасыз етілген.

Мәулен Төлеубекұлы өз сөзінде: «Биылғы жылы түлектер аудиторияға санитарлық талапқа сай бірнеше медициналық тексеру этапы бойынша кіргізіледі. Даладан лента жолақшалары қойылған арнайы жолмен түлектер ара қашықтығы 2 метрден алдымен дизенфекциялық тоннельден өтеді, сосын баланың дене қызуы тексеріліп, маскалары ауыстырылады. Кіре беріске орнатылған медициналық антисептик құйылған дозаторлар және аяқтың астына қойылған дезинфекциялық кедергілерден өтіп барып, аудиторияларына кіреді» деді.

Аудандық білім бөлімі басшысының мәлімдеуінше: «Әр баланың арасы 2 м ара қашықтықты сақтау мақсатында шахмат үлгісінде бір бала бір партаға отырады. Балалар маскаларын тиісті уақытта ауыстырып отырады. Ол үшін түлектерге 1500 бетперде мен 750 медициналық қолғап үлестіріледі. Мектептің алдында өтетін ашылу жиынында да түлектер 2 метр ара қашықтықты сақтап тұрады. Ата – аналар мектеп маңында болмайды. Мектептің айналасы полиция қызметкерлерімен және су желісі, электр желісі, медициналық жәрдем, төтенше жағдайдың алдын алу қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады».

Сондай-ақ, М.Төлеужанов тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап беріп, ҰБТ тапсыратын түлектерге сәттілік тіледі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password