Құрыштан құйған құдірет

        Қарттарымыз – қазынамыз. Қарты бар қандай орта болса да береке кіріп, ынтымақ ұйып тұрғандай күй кешетініміз анық. Ал, ынтымақ ұйыған жердің ырысы шалқитынын қамшы саптай жалғанның өзі ежелден дәлелдеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқанын теріске шығара алмаймыз.

       Райымбек аудандық ақсақалдар алқасы өзінің жоспарлы жұмыстарын қоғамдық орындармен, көпшілік бас қосқан алқалы жиындармен қоян-қолтық араластыра жүргізуді ұдайы басшылыққа алумен келеді. Өйткені, көпті көрген көне көздердің өмірден алған сабақтары, көңілге түйгендері көп.

         Ауданымыз көрші ауданға қосылғанда өзектері өртене өкінген де, қайта бөлінген кезде де жүректері жарыла қуанып, Жаратушы Иеге мың мәрте тәуба еткен де, өзекті мәселенің орынды шешілуіне мұрындық болған Елбасы мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа Тәңіртау етегінің ел-жұртының шетсіз-шексіз алғысын жеткізген де осынау кеуделері дәрия – шалқар, қарттарымыз болғанын кімге болсын мақтанышпен айта аламыз. 1-қазан – Қарттардың мерекесі күні абыздай ақсақалдарымыздың дендеріне саулық, жандарына жақсылық тілеп, «қарттарым, аман-сау жүрші» деген сөзді ыстық ықыласпен жеткізгенді жөн санадым. Құрыштан құйған құдірет– Сіздер аман болыңыздар, қарттарым!

Бекболат БІРБАЕВ,

аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы,

облыстық мәслихаттың депутаты,

Алматы облысының Құрметті азаматы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password