Қызметтері халқына

        Қазанның 9 – пошташылардың төл мерекесі. Дүниежүзілік пошта күні — Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде атап өтілетін халықаралық күндердің бірі.

       Пошта жұмысы уақыт өткен сайын біздің ауданымызда да жандана, жаңара түсуде. Нарынқол пошта байланыс бөлімшесінде абыройлы жұмыс істеп жүрген қызметкерлер халықпен тығыз байланыс жасап, тұрғындарының алдында адал еңбек етуде.

        Қазіргі таңда Нарынқол пошта байланыс бөлімшесінде басшысы Бибігүл Мұңашбаева бастаған 3 оператор, 4 хат хабар тасушы, 3 күзетші, 1 тазалықшы жұмыс атқаруда. Бөлімшеге келіп түскен хат-хабар, газет-журналдарды таратумен Жадыра Анапияева, Дәнегүл Малыбаева, Эльмира Абишева, Айгүл Тайтаразовалар айналысады. Хат-хабар тасушылардың айтуынша айына 20200 газет-журнал, шамамен 300 хат-хабар таратылады. Осыншама аманат жүгін арқалап, әр тұрғынның газет-журналын үйіне жеткізіп беру оңай шаруа емес екені анық. Қаңтардың қақаған суығына, шілденің шіліңгір ыстығына қарамастан ел алдындағы қызметін мүлтіксіз атқарып жүрген еңбеккерлерге алғыстан басқа айтар сөз жоқ. Сонымен қатар, бөлімшеде барлық төлемақы түрлері қабылданады. Сондай-ақ зейнетақы, еңбекақы, жәрдемақы таратады. Қажет еткен адамдарға банктен несие рәсімдейді. Халыққа бұл қызмет түрлерін операторлар Сабина Пахирдинова, Гүлзира Базархан, Жадыра Исалар көрсетеді. Операторлар айына мың адамға 60 мың миллион теңге зейнетақы, 300 адамға 20 мың миллион теңге жалақы таратады. Осы сала қызметкерлеріне Ербұлан Әдепбаев, Санат Жақсылық, Юрий Байғабылов, Жанатгүл Тұрдиевалар қол ұштарын беруде. 2003 жылдан бастап пошта саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан бөлім басшысы Бибігүл Мұңашбаева әріптестерін ұйымшылдыққа шақырудан еш шаршаған емес.

 Редакциядан.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password