Қызметтері халқына

   Ауылдық дәрігерлік емханаға бас сұқтық. Кіреберіс есіктен бастап, емхана іші жарық екен. Күнделікті жұмыстарын көзбен көріп,  ақ желеңді абзал жандармен әңгімелескен едік.

  36 жылдан бері еңбек етіп келетін балалар бөлімінің медбикесі Алмагүл Шакированың еңбегі ерен. Жұмысы жауапты маманның шаруасы да шаш етектен. Емханаға келіп жатқан науқастардың басым бөлігі  тұмаудың асқынған түрін жұқтырғандар. Оған медбике  дер кезінде емдік шара қолданып, аурудың алдын алып бағуда.

  Сол сияқты қырық жылдан астам еңбек етіп келген ересектер бөлімінің медбикесі Гүлсім Көбентаева да өз ісінің білгірі саналады. 40 жылдық жұмыс өтілінде тәжірбиелі маман ақ желеңдей абыройлы ісіне дақ түсірген жоқ. Ол қан қысымы, қан аздығы сияқты жиі кездесетін ауру түрлерімен күресіп келеді. Ауылда қазір 110-ға жуық адам қан қысымымен есепте тұрады. Ондай науқастар  күндізгі ем қабылдау қызметі арқылы қажетті  көмектерін алып отыр. Еліміз емес әлемді әбігерге салып отырған жұқпалы аурудың алдын алу шарасына да аталған емхана қызметкерлері мықтап кіріскен. Барлық талап ережелерді сақтай отырып, ауыл тұрғындарының денсаулығын күнделікті бақылауда. Осындай жауапты жұмыстарына тек табыс тілейміз.

Суретте: балалар бөлімінің медбикесі А. Шакирова мен ересектер бөлімінің медбикесі  К.Көбентаева.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password