Қос жанұя қоныс тойын тойлады

     Ауыл жастарының бірлігі мен ынтымағы көз қуантады. Жақында Шалкөде мен Талас ауылына барып, жан жадыратар жақсылықтың куәгері болып қайттық. Ауыл жастарының «бірлік түбі – береке» деген қағиданы ұстаным еткені көңілімізді жадыратып, еліміздің болашағының жарқын екеніне көзімізді жеткізгендей болды.

      Ауыл жастары бас қосып, қаржы жинап Шалкөде ауылында төрт балалы анаға үй алып берді. Осы қайырымдылық Талас ауылында жалғасын тапты. Бұл жерде үш балалы жас отбасыға баспана кілтін табыс етті. Осы шараға арнайы барған аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов пен аудан әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаев үйлі болған жандарды құттықтап, бірлікшіл жастарға өз ризашылықтарын білдірді.

     Аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов: «Елдің ертеңі жастардың қолында, жастарды қолдау –болашағымызды қолдау. Мемлекетіміздің іргесіне кірпіш болып қаланып, келер ұрпаққа өнегелі жол көрсету біздің міндетіміз. Берекені шақыратын – бірлік, бірлігі бар ел дамиды, көсегесі көгереді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қайырымдылық жасап жатқан ауыл жастарының алар асуы биік болсын! Үйлі болған жандардың шаңырағы шаттыққа толсын, бақ-береке ұяласын» –деп тілегін айтты. Артынша ауыл ақсақалдарымен тілдесті. Ауданымыздың бүгіні мен келешегі туралы келелі сұхбат құрды.

                                                               Айбек Ережеп,

Шалкөде-Талас ауылдары.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password