Қашан да құрмет құшағында

       Өткен қарттар күні мерекесіне орай, Нарынқол ауылының әкімі Амангелді Шенебековтің ұйытқы болуымен, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Қанат Ахметов бастаған ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Ажар Өмірәлиева аудан орталығындағы ақ сақалды қариялар мен ақ жүзді әжелерімізді арнайы құттықтап қайтты.

       Атап айтқанда, ауданның Құрметті азаматы, тыл ардагері Бихан Кенебаева, көп балалы және тыл ардагері Нұрипа Қасымбекова сынды аналарымыз бен жасы 100-ге таяған Алимхан Бөлегенова әжемізді, абыз қарт Ауқат Сазабеков пен көпбалалы ана Айша Сарекованың шаңырақтарына барып, амандық-саулықтарын біліп, мерекелерімен құттықтады. Көңілдері даладай дархан қариялар қандай құрметке болса да лайықты. Кешегі мен бүгінгінің арасын абзал жалғаған жандарға ауыл әкімдігі арнайы сый-сияпаттар жасады. Қазыналы қарттарымыз келген қонақтарға ақ батасын беріп, алғыс айтты. Болашағы кемел елдің абыз қариялары аман болсын. Ар-ұяттың ілгегіндей болған қарттарымыз қатар түзіп, қашан да қасымызда жүре берсін.

Е.Ахметжанов,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password