Қарты бар елдің – қазынасы бар

        Осы бір аталы сөз ғасыр- ғасырға ұласып, уақыт алға жылжып жатса да мән-маңызын жоғалтқан емес. Қайта малта тастай жұмырланып, қадір-қасиетін арттыра түсіп отырғаны анық.

   Қарттар күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов Сүмбе ауылына арнайы сапарлап, осы ауылдың байырғы тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, бүгінде ғасыр жасап отырған Тұрған Оласанов қарияға амандаса барғанда, осы бір көшебелі іске куә болған көпшілік жоғарыдағы халық даналығының растығына тағы бір көздерін жеткізді.

        Нұржан Кеңесұлы абыз қариямен шүйіркелесіп, хал-жайына, отбасының тыныс-тіршілігіне назар аударды. Деніне саулық, отбасына жақсылық тіледі. Арнайы алып барған сыйлығын табыстады. Тұрған қария да өзін әрдайым назардан тыс қалдырмай, ұдайы қамқор көңіл, ақ ниет білдіріп жүретін аудан әкімдігіне, ел тізгінін ұстап отырған Нұржандай азаматқа жүрекжарды алғысын білдірді.

       Аудан әкімі бұл күні Нарынқол ауылының көпті көрген көнекөз қариясы, ақ жаулықты ана Бәтима Сабаханованың отбасына да арнайы ат басын бұрды. Ардақты анаға ыстық ықыласын арнап, сый-сияпат жасады. Осылайша қазыналы қарттарды қуантып қайтты.

Елдос АХМЕТЖАН,

 «Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password