Қариялар – қазыналар

  Абдрахман  Салиғазиев Сарыжаз ауылының тұрғыны. Жас кезінен еңбекке араласып, әртүрлі жұмыстар атқарған. Қазіргі таңда ауылдағы дуалы ауыз қарттардың бірі. Ақсақалдар алқасының мүшесі, қоғамдық кеңес мүшесі болған. Жасы 71 ге келсе де ел ісіне араласып, ақсақалдық ниетпен халықтың тілеуін тілеп жүретін жандардың бірі. Ауылдағы әртүрлі шараларға, жақсы бастамаларға белсене араласып жүреді. Жастарға жол сілтеп, білгенін үйретіп, ақыл-кеңес беруден еш танған емес. Мереке-мейрамдарда домбырамен ән салып, көпшіліктің таңдайын қақтыратын да өнері бар. Шаршы топтың алдында қос ішекті қасиетті аспаппен әуелетіп ән салып көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүрген жан. Бүгінде Сарыжаз ауылының елге сыйлы, ынтымағы жарасқан, отбасыларының қатарында. Жұбайы Хадиша  Салиғазиева алтын алқа иегері. Мектепте іс жүргізуші болып жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Жеті баланы тәрбиелеп өсіріп, елдің амандығын тілеп, отбасындағы ынтымақ-берекенің қазығы болып отырған қос бәйтерек десек артық айтқандық емес.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password