«Хантәңірін» жанұямызбен оқимыз

    Апта айналып келгенде «Хантәңірін» қуанышпен қарсы аламыз. Беташар бетінен бастап жағымды жаңалыққа құрылған мақалалары, тартымды суреттері көңілімізді көркейтіп тастайды. Бет бедерін айшықтаған алуан-алуан тақырыптарда жарық көріп жататын көлемді, көркемді мақалалар тарихтан тартып сырлы сыр шертеді. Онда ауданға еңбегі сіңген азаматтардың таудай тұлғалары тәрбиелік тұрғыда тартымды кестеленеді.

Біз отбасымызбен газеттің әдебиет бағытындағы жұмысын жақсы көреміз. Әсерлі шығармалар жас жазармандардың ой көкжиегіннің жемісінде айқын көрініс тауып жататыны қуантады. Ақындар елінің ұрпақтары да өлеңнен кенде емес екеніне ырзалық білдіреміз.

Ана ретінде, өз ұсыныстарым да жоқ емес. Барлық бастаманың түзеушісі – бірден-бір халық екені анық. Алдағы уақытта газет бетінен жасөспірімдерге қатысты мақалалар көптеп шықса деймін. Ел даму жолында жастардың елшіл, отаншыл болып өскені бүгінде қымбатқа түсіп отыр. Яғни жаһанданудың қызылды-жасылына еріп кетпеу үшін ата дәстүр жолында тәлімді тәрбие көрсету ауадай қажет деп білемін. Әсіресе, жас отбасылар, үлгілі отбасылар жайында жазсаңыздар ел еміне оқитыны ақиқат. Ата-енелер мен келіндердің арасындағы сыйластық қарым-қатынас туралы мақала, көркем шығармалар керек-ақ. Өзім де бес келіннен немерелер сүйіп отырған әжемін. Сондықтан менікі көп теген аналардың алғаусыз тілеуі деп білерсіздер.

Нұргүл Жұмағұлова,

Текес ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password