Халықтың денсаулығы — басты назарда

      Жуырда Райымбек аудандық аурухана КМК директоры Ж. Н. Әкімбаев аурухана директорының орынбасарлары, аурухананың дәрі-дәрмек бөлімінің меңерушісі Н. Е. Оразақын, материалдық есепші Б. Е. Қанапия, аудандық аурухананың СЭС дәрігері Қ. Ж. Бурабаева және аудандық аурухананың бас мейірбикесі А. С. Исамолда 11 ауылдық округ бойынша ауылдық дәрігерлік амбулаторияларды, фельдшерлік пункттарды аралап, әлемді дүрліктірген індеттің екінші толқынына дайындықттарын, санитарлық-эпидемиялогиялық ахуалды, дәрі-дәрмек қорын, медициналық көмек сапасын, маусымдық тұмауға қарсы екпе егу жұмыстарын, сонымен бірге алдағы келе жатқан қыс мезгіліне дайындықты бақылап, амбулатория қызметкерлерімен кездесіп қайтты. Ауданымызда жалпы 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3 фельдшерлік пункт халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Ауылдық округтерді аралау барысында Сарыжаз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына қарасты Көмірші фельдшерлік пунктінің, Жамбыл ауылдық амбулаториясына қарасты Қаратоған фельдшерлік-акушерлік пунктінің, Текес ауылдық амбулаториясына қарасты Жаңа Текес фельдшерлік пунктінің ғимараттары ескіргені байқылды. Соған байланысты 2021 жылға жаңа ғимараттардың жобалары жасалынбақ.

       Сүмбе ауылдық ауруханасын аудан әкімі Н. К. Құдайбергенов және Сүмбе ауылының әкімі Е. К. Бестібаев бірге аралап көрді. Сүмбе ауылдық ауруханасы 25 науқас қабылдауға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін стационар. Ауылдық аурухананың қайта жөндеу жұмыстары аяқталу барысында. Аудан әкімі Н. К. Құдайбергеновтың тарапынан қосымша қазандық оттығын ауыстыру және аурухананы күрделі жөндеу жұмысына кіргізу үшін аудандық аурухана директоры Ж. Н. Әкімбаевқа құжаттарды дайындау тапсырылды. Медициналық мекемелердің жылыту қазандықтарын көріп, кем-кетігін түгендеп, осы аптада толық аяқтап бірінші қазаннан бастап, ауарайының суытуына байланысты, қазандықтарды біртіндеп іске қосу жүктелді.

       Аудан бойынша 4 медициналық мекеме қазандықтары сұйық отынмен жылытады, ал қалғаны қатты отынмен жылытады. Мекемелер қазандықтары жылыту маусымына толық дайын екендерін көрсетті.

        Осы аралау барысында ауылдық ауруханалар короновирустың екінші толқынына дайын екені белгілі болды. Скрининг кезең-кезеңімен орындалуда. Тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары уақытылы жүргізілуде. Қысқы маусымға дайындықтары көңіл қуантарлық.

Жанна АДЕНОВА,

аудандық аурухананың

логопед маманы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password