Талдықорған қаласының 50 мыңға жуық тұрғыны тұрақты жұмыс орындарына ие

2019 жылдың статистикасы бойынша, Талдықорғанда тұрақты жұмыс орындарымен 88 мың еңбекке қабілетті қаланың 47 мың тұрғыны қамтамасыз етілген. Ал орташа жалақы 131 мың теңгені құрайды, ең төменгі күнкөріс деңгейі 27 мың теңге. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

Осыны ескере отырып, облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қазіргі заманғы технологияларды өндіріске енгізу, құрылыс саласына жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды, осылайша тұрақты жұмыс орындарының санын арттыру, оның түпкі мақсаты Талдықорған тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

Осы бағытта 2019-2023 жылдарға арналған жоспарға сәйкес өнеркәсіп саласына 28,7 млрд теңге инвестиция бағытталады, оның ішінде 2019 жылы 2 млрд теңге инвестиция тартылды, 3 жаңа өндіріс іске қосылды, 2 өндіріс кеңейтілді, 47 жаңа жұмыс орны ашылды», — деді әкім.

Сонымен қатар, «Жетісу Мажико агрокешені» жем өндіретін зауыттың құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Қазір 45 жұмыс орны ашылды. Жоба толық аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыспен 355 адам қамтамасыз етіледі.

Ал сәуір айында Ғалымжан Райылұлының айтуынша, «Алмаз керамикс»керамогранит плитасын өндіретін бірінші желісі іске қосылады. 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорында толық іске қосылған кезде 338 адам жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, Етті қайта өңдеу және құрғақ құрама жем мен пектин өндіру бойынша жаңа зауыттардың құрылысы қосымша 300-ге жуық жұмыс орнын ашады.

Анар САБЫРОВА

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password