Талдықорғанға шет елден келген 43 жолаушыдан коронавирус анықталмады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат — Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға ұшып келген 43 жолаушыдан коронавирус індетіне алынған сынама теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Талдықорғандағы «Меруерт» қонақ үйіне орналастырылған 43 адамның барлығының коронавирусқа алынған сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Ертең не болмаса келесі күні олар біздің қаладан қайтады», — деп жазды Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Нұр Қанатұлы Facebook-тегі парақшасында. Естеріңізге сала кетейік, кеше 11 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға 135 жолаушысы бар ұшақ түнгі сағат 21:30-дар шамасында ұшып келді. Олар Талдықорған қаласындағы «Меруерт» қонақ үйі мен Текелідегі шипажайға орналастырылған. Барлығының денсаулығы тексеріліп жатыр. Нұр Қанатұлының тілшімізге берген ақпаратына сәйкес, 43 жолаушы полиция, санитария мамандарының қадағалауымен алдағы 1-2 күннің ішінде үйлеріне жеткізіледі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password