ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАДЫ – ЕЛІ-ЖҰРТЫ ҚОЛДАДЫ

          Ағымдағы аптаның сәрсенбісінде аудан әкімдігінде аудан активінің мәжілісі өткізілді. Актив жиналысына аудандық құқық қорғау орындарының басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары, аудандық басқарма, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес пен бұқаралық ақпарат құралдырының өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Актив жиналысының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы» бір мәселе қаралды. Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ баяндама жасады.

          Құрметті әріптестер! Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ Парламент Палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын  жасады.

          Ол Елбасы тарапынан қабылданған Ұлт Жоспары мен Бес институционалдық реформалардың іске асырылу маңыздылығы туралы атап өтті.

Басты мақсат – жұмыс орындарын және халықтың табыс көзін сақтау.

Президент коронавирустық инфекциямен күресуге көмектескендердің барлығына алғысын білдірді.

Мемлекет басшысы пандемияны жеңу үшін кем дегенде екі жыл қажет екенін айтты және пандемиямен күресудің арнайы бағдарламасы жасалатынын хабарлады. Мемлекет басшысының Жолдауында бізге 11 нақты міндет жүктелген.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ

Президент жаңа стратегиялық жоспарлау агенттігінің құрылатынын мәлімдеді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі барлық адами ресурстарды жұмылдыруды қамтамасыз етуі керек.

Осындай түбегейлі реформа жүргізу бүкіл мемлекеттік аппаратты қайта қарауды талап етеді және мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын осы жылдың соңына дейін 10% — ға, келесі жылы 15% — ға қысқарту және 1 шілдеден бастап факторлық-балдық шкалаға көшу қажеттігін атап өтті.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Г.С.Кенебаеваға кадрларды сапалы іріктеумен айналысуды және тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

  1. ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Президент 7 қағидатқа негізделуі тиіс экономикалық дамудың жаңа бағытын жариялады:

  1. игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;
  2. жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;
  3. адал бәсекелестік және кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықты ашу;
  4. өнімділіктіңөсуі, экономиканың технологиялылығын арттыру;
  5. адами капиталды дамыту;
  6. экономиканы көгалдандыру, қоршаған ортан қорғау;

7.мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және қоғам алдындағы жауапкершілігі;

Қайта өңдеу секторының жаңа бағыттарын дамыту стратегиялық  маңызды бағыт болып табылады.

Президент жыл соңына дейін Ұлттық жобалар пулын қалыптастыруды тапсырды.

          Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. Негізгі міндет – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Сондықтан, келесі бесжылдыққа саланы дамытудың жаңа сапалы ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды.

Осы орайда, С.Сатылғановқа, ауылшаруашылығы, жер қатынастары бөлімдеріне, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу, суару жүйелерін жаңғырту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

С.Сатылғановқа, Ғ.Жусанбаевқа, ауылшаруашылығы бөліміне магистралды каналдарға, ішкі шаруашылық каналдарға және тоспаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджетке бюджеттік өтінімдер жолдауды және қаржының бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырамын.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша Президент келесі жылы шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру, мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек.

Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35% — ға дейін арттыру міндеті қойылды.

Сондай-ақ, Президент экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларының субъектілеріне 6% — ға дейінгі кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды тапсырды.

С.Сатылғановқа, Н.Сағатбекұлына, ауылдық округ әкімдеріне микрокредит, грант беру және  қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жұмыстарды күшейтуді қатаң тапсырамын.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жалпы ішкі өнімнің үштен бір бөлігі көлеңкеде тұр. Бұл бюджет кірістерін арттыру үшін үлкен әлеует.

Сондықтан, Қаржы министрлігі Экономикалық тергеу қызметінің жұмысын негізінен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске қайта бағдарлауды тапсырды.

Бюджет

Негізгі Бюджеттік коэффициенттер мен ережелер жиынтығы әзірленетін болады.

Тұтас көріністі қалыптастыру үшін кеңейтілген бюджет енгізілетін болады, онда мемлекеттік бюджеттен басқа бюджеттен тыс қорлардың қаржысы ескерілуі тиіс.

  1. АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫ-БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

Президент еліміздің Әлеуметтік кодексін әзірлеуге кірісуді, әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Президент атап өткендей, тұрғын үй азаматтар үшін қолжетімді болуы тиіс.

Оның тапсырмасы аясында республика бойынша 2021 жылы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинақтарының бір бөлігін Тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалана алады.

Осыған байланысты халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Үкіметтің ерекше бақылауында тұрған 5-10-25 (5%-дық несие, бастапқы жарна 10%, несие мерзімі 25 жылға дейін)бағдарламасы іске қосылды.

Кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу қажет.

Қазіргі уақытта ауданда жалпы 327 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ауылдық округ әкімдеріне тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру арқылы кезектілікті азайтуға ықпал жасауды тапсырамын.

Жалға берілетін тұрғын үй схемасына өзгерістер енгізіледі. Қаражат тек құрылысқа ғана емес, сонымен қатар жалдау ақысын субсидиялауға да бағытталуы керек. Бірінші жылы бұл шарамен қамту 10 есеге артады, жүз мыңнан астам отбасы нақты көмек алады.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ

Мемлекет басшысы қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы қателіктерді және толыққанды оқу процесі үшін барлық функциялары бар бірыңғай онлайн-білім беру платформасын жедел әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, онда бейресми білім берудің балама нұсқаларын белсенді енгізу, өз бетінше оқыту нәтижелерін тану, кәсіби дағдыларды сертификаттау көзделеді.

Мұғалімдердің жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25% — ға ұлғайту көзделіп отыр, осы мақсаттарға 3 жыл ішінде қосымша 1,2 трлн. теңге қаралады.

Сондай-ақ, 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз ету міндеті қойылды. С. Умбеталиевке, ауылдық округ әкімдеріне балалар аз қамтылған ауылдарда жекеменшік балабақшалар ашуды тапсырамын.

  1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

Президент коронавируспен күрес кезінде медицина қызметкерлерінің еңбегінің құндылығын ерекше атап өтті.

Сондықтан, екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Болашақта бұл жүйелік негізде болады.

2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы республика бойынша орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады.

Жолдауда барлық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен немесе дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету және шалғайдағы ауылдар үшін көлік медицинасын дамыту туралы айтылған.

Н.Сағатбекұлына, Ғ.Жусанбаевқа аудандық ауруханаға алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары ескірген елді мекендердің тізбесін анықтауды, ЖСҚ дайын жобаларға облыстық бюджетке бюджеттік өтімдер өткізуді, көлік медицинасы мәселесін зерделеуді және проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

VII. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ ҚОРҒАУ

Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар көзделетін болады.

Ауылдық округ әкімдеріне қатты қалдық тастайтын арнайы орындары жоқ ауылдарда арнайы жер телімдерін анықтап, заңдастыруды және орталықтандыруды тапсырамын.

VIII. ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

Президент учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық түрде арттыру, оған өнімді жұмыс үшін барлық мүмкіндіктер беру қажеттігін атап өтті. Ол азаматтар үшін танымал, қол жетімді, беделді болуы керек. Олардың құқықтарын белсенді қорғау.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адамдармен ашық диалог жүргізуге үйрету маңызды.

Бейнебақылау жүйесінің дамуы туралы көп айтылады, бірақ бұл ретте құқық қорғау органдарының үй-жайлары көбінесе «көрінбейтін» аймақтар болып қалады, сондықтан полицияның қызметтік ғимараттарында жаппай бейнебақылау енгізуді тапсырды.

Аудан әкімінің орынбасары Н.Сағатбекұлы, ауылдық округ әкімдері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп ауылдардағы учаскелік полиция пункттерінің толық жұмыс істеуін қамтамасыз етсін, Ғ.Жусанбаев учаскелік полиция пункттері жоқ 3 ауылға құрылысына ЖСҚ жасатуға бюджеттік өтінім жолдасын.

Ғ.Жусанбаев, ауылдық округ әкімдеріне әр ауылдың кіреберісіне және орталығына кемінде екі бейне бақылау камераларын орнатуды тапсырамын.

Адам құқықтарын қорғау бойынша жаңа шаралар қабылдау өте маңызды. Бұл мәселе басымдыққа ие.

Одан әрі, Президент азаматтардың интернеттегі қорлаудан қорған еместігін, ең алдымен балалар зардап шегетінін атап өтті.

Азаптауға қарсы күрес жөніндегі ұлттық заңнама мәселесі де өзекті болып қалуда. Оның айтуынша, күн тәртібінде адам саудасына қарсы күрес тұр.

Сондықтан құқық қорғау органдары осындай қылмыстарды тергеу процедурасын жақсартуы керек. Олар сот тәртібімен  қатаң  жазалануы  керек.

  1. ЦИФРЛАНДЫРУ — БАРЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ

Цифрландыру-бұл сән үрдісін ұстану емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы.

Ең алдымен, цифрлық теңсіздікті жою, Интернетке барынша қол жеткізуді және барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтамасыз етілуі тиіс. Осы жылдың соңына дейін 250-ден астам халқы бар әрбір ауыл Интернетке қол жеткізе алады. Н.

Сағатбекұлына, Ғ.Жусанбаевқа жыл соңына дейін ауылдардағы интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсырамын.

 

Х. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ ІСІНЕ ҚАТЫСУЫ

Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық.

Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөндігін атап өтті. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек.

2022 жылы 5 ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болатынын айтты.

ХІ. ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ

Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек.

Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс.

Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды.

Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру. Сондай-ақ, ұлт сапасын арттыруға атсалысу.

Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек.

Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн.

Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керектігін Мемлекет басшысы басып айтты.

Бүгінгі Жолдаудың негізгі бағыттары осындай.

Жолдаудың орындалуы бойынша іс шаралар жоспарын әзірлеп, орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының басшысы Г.С. Кенебаеваға тапсырамын.

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Біз күш біріктіре отырып, экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру үшін еңбек етуіміз керек.

Алға қойылған мақсаттарға жетуде сәттілік тілеймін.

          Баяндамадан кейін жарыс сөзге шығып, мінберден орын алған адамдар Жолдауға байланысты түйінді ой-пікірлерін ортаға салды.

Мүтәліп СТЫБЕКОВ, Т.Жанұзақов атындағы орта мектептің директоры:

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына осымен 2-ші рет жолдау жасап отыр. Жолдаудың бесінші тарауында V. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ туралы баса айтып өтті. Әсіресе Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функцияларды бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігін, сонымен қатар сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді назарға алды. Мемлекет басшысы педогогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдыруды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін 6 жасқа дейінгі балалардың тәрбиесі мен білім алуы 100 пайыз қамтамасыз етілетіндігін сөз етті. Ол үшін тек мемлекеттік балабақшалар салу жеткіліксіз, оған жеке бизнес өкілдерін тартуды, ата-аналар кез келген балабақшаны таңдай алатын деңгейге жеткізуді, және болашақта мектептен бастап жоғарғы оқу орнына дейін жаңа кәсіпкерлерді дайындау үшін кәсіпкерлік негіздері пәнінің оқытылуын тереңдету керектігін жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметіне үздіксіз білім берудің тұжырымдамасын жасауды тапсыра отырып, ел азаматтарының өздігінен тиімді білім алып, кәсіби деңгейге жету жолдарын қарастыру керектігі көрсетілді. Ұстаздар қауымына және білім сапасына үлкен мән беріліп қолдау білдіріп жатқаны бізді үлкен қуанышқа бөледі. Президент Жолдауы ұстаздарға жұмыла жұмыс істеп, болашаққа нақты бағдар алуына жол сілтейтін жолдау болды деп ойлаймын. Ел болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаз еңбегі өлшеусіз. Осы орайда президентіміздің ұстаздарға қолдау білдіруі педагогтарға жаңа серпіліс әкелді. Мемлекет басшысының бүгінгі күнгі жолдаған Жолдауын біздер ұстаздар қауымы бірауыздан қолдаймыз.

Жанна АБДЕНОВА, аудандық аурухананың логопед дәрігері:

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ‘Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі’ атты Жолдауын жариялады.Жолдау халықтың ең маңызды,өзекті және көкейкесті мәселелеріне жауап бергенін атап өту керек. Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ,әлеуметтік әділеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдық біртұтас стратегиясын белгіледі. Жолдау Қазақстанның тыныс тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты айқын тапсырмаларды қамтиды. Пандемиямен күрес әлі жалғасуда екенін нақты айтып өтті. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және де барша азаматтарға алғысын жеткізе отырып, қазіргі жағдайда босаңсуға болмайтынын жеткізді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет екендігі айтылды.Осы пандеминың арқасында болған дағдарыс дарігердің еңбегін бағалауды уйреткенін айта отырып, «2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады» деді. Келесі -медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселесі қозғалды. Жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жұқпалы аурулар ауруханасы салынатынын,ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысандар пайдалануға берілетін болды. Шалғайда орналасқан ауылдарға арналған мобильді транспорт медицинасын қайта қолға алуды усынды. Осыған орай, 2021 жылдан елімізде “Аңсаған сәби” бағдарламасы іске қосылады. Эко бағдарламасымен квотаны 7 мыңға дейін көбейту керектігін тапсырды. Мемлекет басшысы еліміздегі әрбір алтыншы отбасы бала сүю бақытынан айырылған деді. Әлеуметтік сауал салу қазақстандықтардың шамамен 20 пайызы “бұл ажырасуға үлкен себеп” санайтынын көрсетті”-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл Жолдауды бағдарламалық құжат деп атауға болады. Өйткені, Жолдау одан әрі әлеуметтік, экономикалық дамудың, пандемиямен бірігіп куресу жолдарын көрсетіп отыр.

         Актив жиналысында кезекті Жолдаудың мән-маңызына осылайша оңды бағалар берілді. Жиналғандар бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді. Сонымен аудан активінің жиналысы өз жұмысын аяқтады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password