Нақты тапсырмалар берді

  Ауданымызға арнайы ат басын бұрған Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Дастан Шалтабаев құрылыс нысандарын аралады. Аудан әкімі Жолан Омаров бастаған мекеме басшылары  Нарынқолдағы атқарылып жатқан негізі жұмыстармен таныстырды. Алдымен келген қонақтар аудандағы заманауи спорттық сауықтыру кешенінің  құрылысында болды. «Фуд МС» ЖШС құрылыс компаниясы қолға алған құрылыс орнында қазіргі таңда іргетас шұңқыры қазылып,  астыңғы темір-бетоны құйылып, қаңқа қалыбы құрылуда.

  Сегіз бірдей техника жұмылдырылған нысанда 29 адам еңбек етуде. Жұмыс барысымен таныс болған облыс әкімінің кеңесшісі құрылысшыларға  ширақтықты   қажет деп тапты.  

  Екінші кезекте аталған құрылыс компаниясы жұмысына жауапты республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер орналасатын ғимаратқа қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан жерді көрді. Аталған екі қабатты құрылыс нысанында әлі де шаруа шаш етектен. Онда жұмыскерлер санын арттыруды,  еңбек уақытын тиімді пайдалануды тапсырды.

  Аудан орталығындағы негізгі нысандардың бірі саналған «Эл М» ЖШС жасап жатқан әкімшілік ғимаратын да көріп шықты. Ондағы  қайта жаңғырту құрылысының жұмыстарынаішкі және сыртқы көрініске  назар қойды. Әсіресе, ішкі сылау, тегістеу жұмыстарына жұмыс күшінің аздық ететінін айтып, алдағы уақытта қосымша жұмыс күшін көбейтуді ескерді.

  Нысандарды  аралап болған бақылау тобы  аудан әкімідігінде аталған құрылыс орындарына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен жекелеген жиын өткізді. Онда бірқатар мәселелер көтеріліп, сын-ескерпелер  де айтылды. Әсіресе, облыс әкімінің кеңесшісі Д.Тұрарбекұлы  екінші жартыжылдыққа жоспарланған құрылыс нысандарын мерзімінде бітіруді тапсырды.

Серікжан Мурасилов.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password