8.8 C
Нарынкол
Среда, 24 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жасады.

Аяқ астынан болатын табиғи апат адам баласына айтып келмейтіні белгілі.
Президентіміз өз мөзінде «Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.
Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.
Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда»-деді.
Ең бастысы азаматтардың амандығы екенін де баса айтты. Табиғи апаттың салдарынан орын алған кемшіліктердің орны көп ұзамай толтырылатыны да баса айтылды.
ҚР Президенті ел басына күн туғанда етігімен су кешкен құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа шын жүректен алғысын білдірді. Қ. Тоқаевтың «Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді» деген сөздері көңілге қуат береді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен!

Ажар Өмірәлиева,
Нарынқол ауылдық аналар кеңесінің төрайымы.

Соңғы жаңалықтар

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен», проходившем в рамках республиканской экологической акции...

Осыған ұқсас мақалалар