Мемлекеттік қызмет — жауапты міндет!

       «Электрондық өкімет»- ақпараттық технологиялар көмегімен жұмыс істеп, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара әрекеттің механизмі.

       Яғни, мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйелерді біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. Мемлекет қоғамның ажырамас бөлшегі. Ал, әр бір азаматтың әлеуметін жүзеге асыратын, соған мүмкіндік жасайтын да мемлекет. Дәл осы азаматтар мен мемлекет арасындағы қатынасты ыңғайлы, қол жетімді неғұрлым түсінікті жасау үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы жасалған.

        Электрондық үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін анықтама алу үшін ЖСН ғана керек болатын басқа анықтамалардың бәрі өз ара сұранымдар арқылы болатын азаматтарға арналған үкімет. Осы арқылы әр бір Қазақстандық тәуліктің кез – келген уақытында өтініш бере, анықтама ала, салық немесе айыппұл төлей алады, қандай қызмет көрсетілетінін біле алады. WWW. egov. kz веб-порталы біздің жұмысымызды анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді жасауда.

     Азаматтық талаптар мен әкімшілік істерді жіберу жүйесі материалдарды қағаз нұсқада жібермей, электронды түрде атқарылатын бағытта жұмыс    жасаудамыз. Бұл екінші жағынан кім- кімнің де уақыттарын үнемдеу.

     Мақсатымыз – Елбасының цифрлы Қазақстан жобасын насихаттау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға қызмет етеміз.

        Сондықтан «Egov mobile» — дің пайдасы өте зор. Келешегіміздің жарқын болуы үшін заман ағымына қарай халыққа қызмет көрсетсек нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

       Мінсіз қоғамды қалыптастыруда, азаматтардың мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне қарапайым, ұғынықты және қолжетімді түрде қызмет көрсетеміз.

Қайнар ауылдық әкімдігі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password