Көмек көрсетілді

   Елімізде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланғандығы белгілі. Мемлекет болып осы індетпен күресіп, аурудың таралуына жол бермеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып тұрғандығы баршамызға аян. Ауру алқымдаған тұста әлеуметтік топтарға  көмек көрсету  шаралары әр өңірде қолға алынып, атқарылып жатқан игі істер қаншама. Осындай шараларға жер–жерлерден жекелеген азаматтармен кәсіпкерлер көмек қолын созуда. Азда болса жабырқаған көңілге медеу болатын қайырымды істерге  жастар мен еріктілер қолқабыс етіп жатқандығы жанды жадырататындығы сөзсіз. Республикалық BIZBIRGEMIZ  акциясы аясында аудандағы қолдауды қажет ететін әлеуметтік  топтарға  нақты көмектер көрсетілді. Қайрымдылық шарасына аудан  әкімдігі, «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы және аудандық «Жастар ресурстық орталығы», «Jas Otan» жастар қанаты өкілдерінің мұрындық болуымен іске асты.

     Осындай сын сағатта халқына демеу болатын, азда болса өз көмегін аямайтын, еліміздің  болашағына бей-жай қарамайтын елжанды атымтай жомарт азаматтарымыз баршылық. Аудан тұрғындарымен қолындағысын  бөлісіп жүрген азаматтың бірі Юсупов Тілек мырза. Бұл азаматтың демеушілігімен ауданның 60 отбасына азық–түлік пакеттері көмек ретінде аудан тұрғындарына үлестірілді. Сонымен қатар аудандағы еріктілер тігіп жатқан бетперделер тегін таратылды. Атап айтқанда Жамбыл, Қаратоған ауылдарында  6 отбасына, Сүмбе және Қызылшекара ауылдарында–8 отбасына, Қостөбе ауылында –1, Текес, Тегістік, Қақпақ, Қайнар, Көксай ауылдарында–15 отбасына осындай көмек жеткізіліп, төтенше жағдай кезінде сақталынуы тиіс санитарлық–эпидемиологиялық талаптарға қатысты түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылды.

Халқымыздың сан ғасырлық тарихында  бұданда  талай тар жол тайғақ кешкен күндері болған. Сондай күндерден де халқымыз сабырлығы мен төзімділігінің, ауызбіршілігі мен татулығының арқасында аман-есен өтіп,қайсарлығын көрсетті. Баршамыз сақтық шараларына ден қойып, салғырт қарамай, өз өмірімізге жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Қоғам болып бірігіп, жұдырықтай жұмылғанда ғана аты жаман ауруды жеңіп шығарымыз сөзсіз.

Олжас ҚИЯСҰЛЫ,

«Хантәңірі»

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password