Көксу ауданында 400 адам жұмысқа тұрады

    Алматы облысына қарасты Көксу ауданында «жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бір қатар нысандардың екінші тынысы ашылмақ.

Алғашқы болып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан ғимарат ол дәрігерлік амбулатория.  Құрлыс жұмыстарын «Colden City DS» ЖШС атқаруда. Мердігер компанияның ісінің ілгері басуы үшін 121 млн. теңге бөлінген. Алдағы уақытта медициналық пункт ажарлана түспек. Бөлме, кабинет, есік-терезе, еден-төбе — бәрі бірдей қайта жарқырап, түрлі жабдықтармен де жасақталатын болады.

 Жол кратасы бағдарламасының арқасында 2019 жылы құрылысы басталған  Қызылтоған ауылындағы 120 орынға лайықталған білім ордасы есігін айқара ашады деп күтілуде.

Бұл мектептің су жаңа күйге енуін » CП Neft» ЖШС өз мойындарына алған.

Сырт көзге мінсіз, екі қабатты ғимараттың сыртқы қоршауы мен жылу жүйесі басшылықтың  сынына ілікті. Ал, жауаптылар барлығын ретке келтіреміз деп уәделерін үйіп-төкті.

Бұдан басқа Айнабұлақ ауылында Рамазанов көшесінің жолы жаңартылып, Мәдениет үйінің жанынан фельшерлі акушерлі пункт бой көтеретін болады.

Жөндеу жұмыстарынан көшені ретке келтіруде сырт қалмаған. Бұл мақсатта 19 млн. теңге қаржы қарастырылған. Жолдарды тақтайдай тегіс етпекші мердігерлер «Жетісу жол құрылыс» ЖШС. Компания өкілдерінің сөзіне сенсек, жұмыс 1 ай мерзімінде соңына жетеді екен.

Ал күніне 20 адамды қабылдауға қауқарлы медициналық пункт жұмыстарына 181 млн.теңге қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар 5 білім нысанында аталған мемлекеттік бағдарлама аясында  жөндеу жұмыстар жүргізілетін болады. Олардың ішінде Жамбыл орта мектебінің, З. Тамшыбай ауылындағы спорт алаңын аббаттандыру, Ақын Қабан Жырау атындағы орта мектептің спорт алаңын ағымды жөндеуден өткізу және 10 жылдық Қазақстан ауылындағы шағын футбол, волейбол алаңын жайластыру мен Алғабас ауылындағы 1989 жылы салынған орта мектепті орташа жөндеуден өткізу бар.

Аудан әкімінің орынбасары Дәулет Кенжеханұлының айтуынша жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында 83 млн теңге бөлінген.

Жалпы Көксу ауданында «жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 26 жоба іске асырылып,400-ге жуық адам жұмысқа орналастырылмақ.

Анар САБЫРОВА

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password