Коронавирус…

         Ол қандай вирус? Барлық континентте, әсіресе Қытайда тарап жатқан вирусты уханьдық немесе жаңа коронавирус (2019-nCoV) деп атайды. Ол алғаш Хубей провинциясындағы Ухань қаласында тіркелді және коронавирустың жаңа түрі екені анықталды. Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған. Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни, тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға беріледі.

Коронавирус белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • тұмау;
  • бас ауруы;
  • жөтел;
  • тамақ ауруы;
  • әлсіздік;
  • іш өту.

         Иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.

Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.

Диагностика

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:

  • қан анализін;
  • несеп анализін;
  • лаборатория зерттеулерін;
  • ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.

Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

  • көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшыларыарқылы тарайды;
  • тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)

Профилактика шаралары:

– қол және тыныс алу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы сабынмен мұқият жуу, сабын болмаса, антисептиктерді, спиртті, санитайзерлерді қолдану;

– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;

– бөлмені желдету;

– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;

– тыныс алу органдарының шырышты қабығы қабынған адамдармен қарым-қатынас жасамау;

– коронавирус тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;

– адам көп жиналатын жерлерден алшақ болу.

Бүгінгі таңда әлемді жайлаған індет ауданымызда да анықталуда. Коронавирус инфекциясын жұқтырған, аурудың айқын белгілері бар және белгілері жоқ науқастар тіркелуде. Осыған қарамастан, аурудың қауіптілігін сезінбей, әлі де немқұрайлылықпен қарайтын азаматтар бар. Қазіргі жағдайда әрбір адам өз отбасы мен жақын туыстарының денсаулығы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Денсаулық сақтау министрі мен санитарлық дәрігерлердің ұсынымдары мен талаптарын қатаң сақтау қажет. Бұл — көп вирустың таралуының алдын алатын күнделікті әдеттер, яғни жоғарыда айтылған алдын алу шаралары.

ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» КМК әкімшілігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.04.2020 жылғы №6 қаулысына сәйкес Райымбек ауданы бойынша «Covid-19» жұқпалы инфекциясының тіркелуі мен таралуының алдын алу мақсатында төмендегідей іс-шараларды іске асыруда:

  1. Аудандық емхана  бөлімінің толық қабаты босатылып, 30 төсекке арналған «Провизорлық стационар»  ретінде пайдалану үшін қайта  жасақталды. Провизорлық  стационарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне (4 дәрігер, 2 шаруабике, 2 ас таратушы, тазалықшы, 4 медбике) арнайы жеке изоляцияланған  палаталар дайындалды. Емхана бөлімі 01.06.2020 жылдан толық қашықтықтан  жұмыс істеу режимін  бастады. Аудан бойынша 4 ИВЛ аппараты бар. Барлығы жұмыс істейді. Провизорлық бөлімшеде 1 ИВЛ, инфекциялық бөлімшеде  1 ИВЛ аппараты, 2-еуі стационарда орналастырылған.
  2.  Барлық дәрігерлік амбулаториялардың жалпы тәжірибелік дәрігерлері және жалпы тәжірибелік медбикелері Райымбек ауданы аумағына келген тұрғындарды 14 күндік үй жағдайындағы карантиндік бақылауға алып, күнделікті телефон арқылы хабарласып отыр. Аудан тұрғындарына арасында ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
  3. ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» КМК стационар бөлімшелері бойынша толық карантинге жабылып, бөлімшелер таза және лас зонаға бөлінді, әр бөлімшелердің қызметкерлерінің шығып кіретін есіктері белгіленді. Ауруханаға кіретін сыртқы есікте фильтр ұйымдастырылып, келген науқастар қатаң түрде тексерілуде. Стационар бөлімшелеріне жатқан науқастардың туыстарының кіруі шектелді, аурухана аумағына екі күзетші екі ауысыммен тұрғызылды.
  4.  Аудандық емханаға, барлық дәрігерлік амбулаторияларға қаралу үшін келген пациенттерді сүзгі бөлмесінен (фильтр) қарап, тексергеннен кейін ғана мамандарға қаралуға жіберіледі. Сүзгі бөлмесінің жұмысы күшейтілді. Аудандық емхана бойынша сүзгі бөлмесіне дәрігерлер кезекшілікке қойылды.
  5.  Аудандық емханаға, барлық дәрігерлік амбулаториялардың сүзгі бөлімінен «Сovid-2019» жұқпалы инфекциясына күдікті, ЖРВИ белгілері бар және дене температурасы көтерілген науқастар анықталған жағдайда, провизор бөліміне жатқызылып, КВИ анализі алынады.

«Провизорлық стоционарға» жатқызу ұйымдастырылуда. Есік қаласымен вирусологиялық зерттеу орталығына ПТР тексеруіне биологиялық материал алу, жедел жеткізу, КВИ анықталған науқастарды жедел Есік қаласына  арнайы бөлімшеге жеткізу туралы жұмыс ұйымдастырылды.

  1.  КВИ анықталған жағдайда қосымша көмек беру туралы аудан әкімшілігімен келісім-шарт жасалған.

Жантас Акимбаев,

ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы»

 КМК директоры.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password