Келелі кездесу

 

         Жуырда аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Бейсеқұлова  аудан активтерімен кездесу өткізді. Жиынды аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы ашып жүргізіп отырды.

     Жиынның басты мақсаты –  халыққа көрсететін қызмет сапасын арттырып, билік пен халық арасындағы алтын көпірді нығайтып, мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың, азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау екендігін түсіндіру болды.

Аталған тақырып төңірегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Л.Бейсеқұлова  баяндама жасады.

«ҚР Президентінің Жарлығымен бұрынғы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі мемлекеттік орган болып қайта құрылған.  Олар ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі деген атауға ие болды.

 – Екі жыл қатарынан «Сандж» зерттеу орталығымен Агенттіктің әлеуметтік тапсырысы аясында талдау жүргзілді.  Талдау нәтижелеріне сәйкес, облыс бойынша тұрғындардың қанағаттану деңгейінің көрсеткіші 56,5% құрады. Сауалнамаға қатысқан 100 адамның тек 56 адамы алған қызметтерімен қанағаттанған. Тұрғындардың алған қызметтері мен қанағаттану деңгейін арттырудың  бірден бір жолы, ол халық арасында қызметтердің алу тәсілі, реті, мерзімі бойынша ақпараттық — насихаттау жұмыстарын жүргізу болып табылады,  –деді баяндамашы.

Иә, біз білетіндей облыс бойынша 2017 жылы 440 қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактісі анықталып, 2018 жылы бұл көрсеткіш 174 бұзушылықты құрады.  2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 32 мерзімдердің бұзылу фактісі нақты дәлелденген. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Райымбек ауданының мемлекеттік органдарымен 110709 қызмет көрсетіліп, оның ішінде қағаз түрінде3 232, ХҚҚО1128, электронды нысанда106 349 қызмет ұснған. Осыған байланысты, тұрғындармен қызметтерді электронды нысанда алуын қамтамасыз ету мақсатында, барлық мемлекеттік органдарда, медициналық мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, кітапханаларда, қазпочта бөлімшілерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын құру тапсырылды. Сол  бұрыштарды арқылы  қызмет алуға келген тұрғындарға практикалық көмек  көрсететін қызметкерлерді бекіту және олардың жұмыстарына бақылау орнату қажеттігі туындады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Мұқатайқызы  мемлекеттік органдар алдындағы нақты міндеттірдің бірі мемлекеттік қызметтерді электронды нысанға аудару екенін, бұл бағытта Департамент облысымызда жыл басынан бері қоғамда жоғарғы сұранысқа ие қызметтерді электронды форматқа ауыстыру және сол арқылы қызметтердің көрсетілуінің ашықтығын қамтамасыз етуді ескеріп өтті. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салалары атап айтсақ, орта білім беру мекемелерімен көрсетілетін қызметтерді толығымен электронды түрге аудару бойынша облыс бюджетінен 24 млн. теңге бөлінген MEKTEP SITCEN ақпараттық жүйесі іске қосылханын хабардар етті.

Аудандағы 27 жергілікті атқарушы органда 142 мемлекеттік қызметшінің штат саны қарастырылған. Осы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 115 мемлекеттік қызметші нақты еңбек етеді. Бос лауазымдар  орны19  пайызды көрсетеді.  

Ал  кадрлық тұрақтылықты сақтау және командалық ауысуларды болдырмау, аталған көрсеткіш бойынша ағымдағы кезеңде  аудандағы мемлекеттік қызметтен босаған адамдардың  саны 1-еу ғана. Сәйкесінше,   аудандағы кадр тұрақтылығы  қалыпты деңгейде деп айта аламыз.

Келелі кездесуде Әдеп жөніндегі кеңеспен қаралған заң бұзушылық фактілері туралы да сөз болды.  Аталған заң  бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру қажет екені күн тәртібінде тұр. Президентіміз атап өткендей «Мемлекеттік қызмет – елің және халқыңа қызмет ету» деп саналуы тиіс  екенін нақтылап айтқан еді.

   2017 жылғы 1 маусымдағы енгізілген өзгерістерге сәйкес  мемлекеттік органдарда Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымы ретінде бекітілсе, аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктелген. Бүгінгі күні Алматы облысында жалпы 40 Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін атқаруда.

Д.Жанасыл, «Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password