«ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАЙЫҚ»

     Дін рухани құндылықтар мен өнегелік қағидалардың негізі. Ол адамзатпен бірге пайда болып, бірге жасасып келе жатқан жанды құбылыс. Сол себепті, дін саласына қатысты оқиғалар мен өзгерістер әрдайым орын алып тұрады. Әсіресе, қоғамның дінге көзқарасы өзгеріп, рухани қайнарларына бет бұра бастаған қазіргі кезде дінге қатысты оқиғалар көбейе түсуі орынды құбылыс, бұл уақыт талабы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз. Бүгінде дәстүрлі емес діни ағымдардың ағылып кеп, ел ішіне іріткі салуы қоғамның дертіне айналды. Көптеген жастардың санасы уланып, өздерін түсініксіз әлемнің тұңғиығына лақтыруда. Бұған себеп, дінге бет бұрған жастардың деструктивтік діни ағымдардың теріс идеологиясына деген иммунитетінің әлсіздігінен орын алуда. Сондықтан мемлекетіміз дін туралы саясатын жүйелі жүргізу мақсатында ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітіп, осыған сәйкес халықтың діни сауатын арттыруда түрлі шаралар жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстарының арқасында талай адам теріс жолынан қайтып, дәстүрлі дінімізге қайта оралды. Бүгінгі ұрпақтың бет бұрысын түзеп, ұлттық құндылықтарымыздың ұмытылуының да алдын алуда. Әрине, жас ұрпақтың жат ағымдардың жетегінде кетуінен сақтау үшін ең алдымен оларды тәрбиелейтін ортаның, атап айтқанда ата-ананың, мектеп ұстаздарының, мешіт қызметкерлері мен құзырлы органдардың белсенділігі қажет. Жастардың діни сауатын ашуда қазіргі технологиялық жетістіктерді пайдалану қажет. Мемлекеттік деңгейдегі арнайы тапсырыстар негізінде жастар арасында ұлтқа, тілге, ділге деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді қалыптастыратын бейнероликтер, көркем және деректі фильмдер, анимациялық фильмдер, телешоуларды көптеп шығарып, жеткіншек ұрпақтың назарына ұсыну қажет. Дәл осы тақырыпты таразылаған дөңгелек үстелдер мен театрдағы сахналық қойылымдарға жастарды көбірек атсалыстырсақ, бұл іс өз жемісін берері анық.

Нартай Шымырбаев,

аудандық Жастар ресурстық

 орталығының жетекшісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password