Жамбыл ауданында 60 миллиардтан астам теңгеге ауылшаруашылық өнімдері өндірілді

     Ағымдағы жылдың тоғыз айында Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы саласы 60 миллиард 671 миллион теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімі Бағдат Әлиев көшпелі баспасөз брифингінде айтты. Жамбыл ауданы – облысымыздың ауыл шаруашылығына бейімделген ірі аудандарының бірі. Аймақта ірі қара өсіруде, атап айтқанда жылқы өсіру мен қой өсіруде облыс көшбасшы екенін атап өткен жөн. Ал, түйе шаруашылығында ол екінші орында тұр.

«Ағымдағы жылдың 9 айында асыл тұқымды мал өсіру көрсеткіштері бойынша ауданда 527 бас ірі қара, 811 мың 715 бас ұсақ мал, 37 227 бас жылқы, 1775 бас түйе және 533 822 бас құсқа жетті»,- дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Жанғали Базарбаев. Сондай-ақ, аймақта ет сатып алу жоспарын 15 мың 151 тоннаға асыра орындаған. 36 мың 563 сүт, 89 миллион 964 мың дана жұмыртқа өндірілді. 48216 га жерден 114711 тонна астық жиналды. Атап айтқанда, олар: 31100 тонна бидай, 79 500 тонна арпа, 700 тонна сұлы, 2850 тонна жүгері, 3 990 тонна соя, 32 400 тонна картоп, 31 300 тонна көкөніс және 12 100 тонна бақша. Аймақ тек өз тұрғындарын ғана емес, мегаполис халқын да ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Аудан мен Алматы қаласының тұрғындарын үздіксіз өніммен қамтамасыз ету үшін 11 га жерден және 8 жылыжайдан жиналған 1273 тонна өнім өндіріледі. Ал, биыл өндіріс көлемін ұлғайту үшін Шолаққарғалы ауылдық округінде «Қаржылық серіктес» ЖШС-мен бірлесіп, 15 гектар жерге жылыжай салу жоспарланып отыр. Жалпы құны 6 миллиард 500 миллион теңгеге жылдық қуаты 9 мың тонна жылыжай салынады. Егін шаруашылығында 48216 гектар егістіктен 114 мың 711 тонна астық, оның ішінде 31100 тонна бидай, 79500 тонна арпа жиналды. Сондай-ақ, 700 тонна сұлы, 2850 тонна жүгері, 3990 тонна май бұршақ, 32400 тонна картоп, 31300 тонна көкөніс, 12100 тонна бақша өнімдері алынды. Қысқы мал азығына 187 мың 800 тонна шөп, 67500 тонна сабан, 34700 тонна жем, 25000 тонна сүрлем дайындалды.

Ал, маусымаралық уақытта Алматы қаласы мен аудан халқын көкөніспен тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында, жалпы көлемі 11 гектар құрайтын 8 жылыжай жұмыс істеп, жыл бойы 1273 тонна өнім өндірілді.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password