Ел игілігіне бағытталған жұмыстар

      «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Алиев Нұрбол, «Nur Otan» партиясының сенімді өкілі Абиров Медетхан, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Құдабаев аудандық Б.Мұқай атындағы мәдениет үйінде сайлаушылармен кездесті.

       Кездесу барысында, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттай отырып, 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Айта кетейік, үміткерлер осынау келелі кездесу барысында «Nur Otan» партиясының аз уақыт ішінде еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі жайлы айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын тілге тиек етті. Әлемді жайлаған пандемия кезіндегі партияның халыққа берген көмегі де әңгімеге өзек болды. 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password