Елін сүйген, елі сүйген — Елбасы

     Қараша айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Сартбаева Айнұр Нұрәділқызының ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы жан-жақты түсінік бере отырып, Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы пікір алмасқан студенттер ойларын ортаға салды. Бес бөлімнен тұратын пікір алмасуда  «Балалық шағымның аспаны» тақырыбы бойынша Елбасының өмір жолы, балалық шағы, отбасы, жасөспірім шағы туралы газет қорғалды. Келесі бөлімде «Ел қолдаған Елбасым» тақырыбы аясында Тәуелсіздіктің қазақ жерінде тұрақтауына кандай септігін тигізгендігі жөнінде сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.  Сондай-ақ, «Әлем мойындаған Көшбасшы»,  өлең жолдары, «Егер мен Президент болсам…» тақырыптарында студенттер жазылған эсселерін оқыды. Әр студент әрбір тақырыпқа, сұрақтарға белсене қатысты. Директордың өндірістік оқу жөніндегі орынбасары А.Шамшенов пен кәсіптік білім жөніндегі орынбасары Е.Жұманов дөңгелек үстелдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғыстарын айтып, оқуда озат болуларына тілектерін білдірді.

А. Өмірәлинова, Сарыжаз ауылдық округінің

  жастар нұсқаушысы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password