Гүлдене бер, Астана!

        Қайсар қазақ халқымыз ұлт болып қалыптасқалы сан ғасырлық тарихымызда ата бабадан мирас болып келе жатқан кең байтақ жерімізде әр заманда да тұғыры биік хан ордаларымен өз астаналары болған.
Тәуелсіздік таңы атқанда жас мемлекетіміз үшін өзінің бас қаласын Сарыарқаның төріне көшіру саяси да және еліміз үшінде аса бір жауапкершілігі мол тарихи оқиға болды. Дегенменде күдікпен күмәннің болғаны сөзсіз. Әлем тарихында өз астаналарын ауыстырған елдер саусақпен санаулы ғана. Астананы көшіру аса бір жауапкершілікпен және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрегендігінің арқасында дұрыс шешім болғандығы бүгінгі астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының бедерлі бейнесінен көруге болады. Жас астанамыз күннен күнге ажарланып, әлем халықтары сүйсінеде тамсана қарайтындай, Есілдің бойы барша қазаққа елорда болды. Еліміздің бас қаласы жастардың шоғырланған сүйікті қаласына айналды. Жастарымыздың жаңа ойларымен армандарын іске асыратын ғажайып қала атанды. Астанамыздың айбыны асқақтап, күн санап жаңаша келбетке ие болуда. Зәулім ғимараттар бой көтеріп, көркіне көрік қосуда. Аз ғана жылдар ішінде еңселі елордаға айнала білген астанамыздың туған күні құтты болсын. Егемендігіміз мәңгі болсын.

О.Жылқыбай
Шалкөде ауылдық округінің жетекші маманы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password