Вакцинация қарқынды жалғасуда

       Әлемді жайлаған індетті ауыздықтаудың жалғыз жолы коронавирусқа қарсы вакцина егу екені анық. Осы тұрғыда қазіргі таңда аудандық ауруханада коронавирусқа қарсы вакцинация қарқынды жүргізіліп жатыр. 2021 жылдың сәуір айының 12 күніне дейін ауданымызда 18-65 жас аралығындағы 750 адамға «Гам – КОВИД – вак Спутник V» вакцинасы салынды. Атап айтқанда вакцина салғызғандардың ішінде 300 адам медициналық қызметкерлер, 305 адам мұғалімдер, 95 адам әр саладағы қызметкерлер. Осы күнге дейін 500 адам вакцинаның екі компонентін де алып бітті. Алдағы уақытта 250 адам екінші компонентін алады. Егілгендер арасында вакцинациядан кейінгі асқынулар мен жанама әсерлері болған жоқ. Қазіргі уақытта Сарыжаз, Жамбыл дәрігерлік амбулаториясында вакцина егу кабинеттері жұмыс жасап тұр. 11 ауылдық округтердің дәрігерлік амбулаторияларында екпе кабинеттері жұмыс жасауға дайын.

       Аудандық аурухананың ғимаратында қосымша екпе кабинетін ашу мүмкіндігі жоқ болуына байланысты Нарынқол ауылындағы Т. Жанұзақов және О. Жандосов атындағы мектептердің медициналық пункттері санитарлық нормаға сай, кіретін есіктері бөлек жасақталып екпе салуға дайындалды.

  1. 04. 2021 жылы 2000 дана «Гам – КОВИД – вак Спутник V» вакцинасы аудандық ауруханаға жеткізілді.

       Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді коронавирусқа қарсы вакцина егуге шақырамыз! Ұлтымыздың, балаларымыздың болашағын сақтап қалудың жалғыз жолы екпе алу!

Төлебай АЙНАБЕКОВ,

аудандық аурухана директорының

халыққа қызмет көрсету жөніндегі

 орынбасары.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password