Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз

             «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастырады. Біз өз аймағымызды әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикамен және адамдардың жайлы өмір сүруі үшін аумақпен қарқынды дамитын нақты шараларды ұсынамыз. «Nur Otan» партиясының бағдары тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру сапасын көтеру болып табылады.
Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты толықтыру мәселелері ерекше маңызды және өзекті болып отыр. Ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, оны одан әрі ұлғайтуға күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.
      Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу индикаторы болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіріп қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану мен «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастық арқылы жаңа субъектілер құру үшін жағдай жасайтын болады.
«Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі. Экологиялық салауаттылық — жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы. Біз оларды халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыра отырып, экологияға инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға қол жеткіземіз. Сонымен қатар, өңір тұрғындары қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуі қажет және өндіріс пен тұрмыста таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдауы тиіс.
Жол — әр өңірдің тіршілігінің негізгі күретамыры. «Nur Otan» партиясының мақсаты – ауданымыздың барлық елді мекендерінің автомобиль жолдарының сапасын арттыру және 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін арттыру. Азаматтардың әлеуметтік әл – ауқаты — бұл өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.
Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы тұрғындарының өмір сүру жағдайларын арттыруға күш саламыз. Білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету аудандағы білім жүйесін одан әрі дамытудың маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білім беру тәсілін өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес шеңберінде мектеп оқушылары және ТжКБ жүйесінің студенті қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшті. Ауданда 5 балабақша, 22 жалпы білім беретін мектеп, 1 колледж жұмыс істейді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 97.8% — ті құрайды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 81% — ке дейін ұлғайады. Осыған орай негізгі бағдар білім мекемелерінің материалдық — техникалық базасын нығайту мен білім сапасын көтеруге бағытталады.
Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз
орта жағдайларын жасауға көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында көпбалалы , аз қамтылған отбасыларды қолдау қолға алынып, олардың азаматтық позициясын артыруға бағдар жасалады. Алдағы бес жылда Партия өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға баса назар аударатын болады.
Халық бірлігі мен қоғамдық келісім — Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. Бүгінде Райымбек ауданында 5 ұлт өкілдері тұрады. «Nur Otan»партиясы біздің қоғамның ерекшелігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді өзінің басым бағыты деп есептейді және Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру жұмыстарын жалғастырады. Райымбек ауданының табысты дамуының кепілі проблемаларды шешу үшін мүдделері ортақ бірлескен азаматтардың белсенділігі болып табылады.
Бізге жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. Райымбек ауданының барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін өңірге айналуы тиіс. «Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.
Біз ауданымыздың дамуы мен өркендеуі үшін идеялармен алмасуға, сондай-ақ барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастыққа әзірлігі мен ашықтығы туралы мәлімдейміз. Партия барлығы үшін ашық! Біз Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!
Нұрбол АЛИЕВ,
Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password