Біздің батыр ата-әжелер!!!


Келбетіңнен соғыстың ізін көрем.
Маңдайыңнан бейнеттің тұзын көрем
Біздің батыр әже мен аталардан
Қанындағы қайсарлық жүгін көрем!

Әне тұр әжелерім, сабырлым-ай,
Ошақтарда от болып жанған ұдай
Нағыз ерлер сендерсің аналарым
Ұрпағың бар сіздерге табынардай.
Бір уыс талқан тауып әкелсең де
Сақтадың ұлдарыңа жан аямай
Көтерген нардың жүгін қаймықпастан
О, менің әжелерім асыл қандай!

Біз көрмедік соғыстың не екенін
Сезінбедік көз жастың кермек дәмін
Аяқ-қолсыз жан-жарың келсе дағы
Көрсетпедің көз жастың төгілгенің.

Тәубә, дедің жаратқан бір Аллаға!
Тәубә дедің көрсеткен заманыңа
Көндің дағы тағдырдың сынағына
Шүкір дедің көрсеткен ұрпағыңа
О, менің батырларым, ардагерім
Бас ием, мәңгі сенің алдарыңда!!!
Әлен Мекенов

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password