Болашақ – жастардың қолында

    «Арыстандай айбатты,

    Жолбарыстай қайратты,

    Қырандай күшті қанатты

    Мен жастарға сенемін»-деп қазақтың маңдайының бағына біткен- Мағжан Жұмабаев айтпақшы қазіргі жастардың мінез құлқы, əдеп-ғұрпы қандай деген кімнің болса да ойында көкей тесті сұрақ болуы мүмкін.

   Міне, осы сауал барысында Райымбек аудандық кітапханасында дөңгелек үстел өтті. Онда тақырып төңірегінде әр түрлі пікір алмасу болды.Сен тұр, мен атайын деген жастардың озық ойы қуантты. Кешегі «қарағым мен кетермін сен қаларсың, отау тігіп оттарын сен жағарсың» – деген бабалар сөзін ту ғып тік көтерді.»Болашақ білімді жастардың қолында»- деген тұңғыш Елбасымыздың да сөзіне селкеу келтірмегендіктерін танытты. Егемен елдің тұтқа болар ұрпақтарының ұлағаттылығы мен ұлтжандылығы көңілімізден шықты.

  Алдағы уақытта тәрбие тағылымға құрылған мұндай дөңгелек үстелдер жастардың қатысуымен ұйымдастырылып тұратын болады.

Ләззат Кулипаева,

аудандық кітапхананың оқырмандарға

қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password