Балаларды шаттыққа бөледі

        Қыстың қақаған аязымен қабаттаса келетін, барша балалар үшін орны бөлек Жаңа жыл мейрамы әр кез тосын сыйға толы. Бүгінде бүлдіршіндер үшін аса қымбат мереке өз деңгейінде аталып өтті. Еңсесін биіктеген, көздің жауын алардай алтын алқызыл ойыншықтар, орама-оюлы қағаздар ертегілер әлеміне еріксіз алып кетті. Бір сәт бала болып, қиял әлеміне сапарлап келгендей әсер қалдырады. Жаңа жылдың жақсылығын жанымен сезінген кішкентайлармен бірге ұйымдастырылған шыршаны көзбен көріп, ықыласпен қабыл алдық.

        Әлем жұртын қатты есеңгіреткен пандемияға орай, биылғы аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы карантиндік шараларды сақтай отырып, уақытынан бұрын өткізілді. Кішкентайларға арналған шаттықты шарада аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов сөз бастап, келген жаңа жылдарымен құттықтады. Сондай-ақ, аудан басшысы көңілдерінде шаттық ұялаған, жүздерінде қуаныштың күлкісі үйірілген, жанарлары шаттықтан бал-бұл жайнаған балаларға арнайы сыйлықтар табыс етті. Биылғы жыл ауданымыз үшін табысты болды деп сөзін бастаған «Қамқор-2» кәсіподағының басшысы Ұ.Әбек бүгінгі ұйымдастырылған шарада бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

       Жаңа жылдық шыршаға арнайы дайындықпен киініп келген мереке иелері Аяз ата мен Ақшақарға алғыстарын жаудырып, өздерінің тәтті тілекке құрылған тақпақтарын жарыса айтты. Хайуанаттар кейіпіне енген кішкентай бүлдіршіндеріміз ертегі әлеміне алып кеткендей әсер қалдырды.

Елдос Ахметжан,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password