Ауылшаруашылық саласы — берекенің бастауы

       Райымбек ауданы облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Алиев Нұрбол, Жұмаханов Ербол, Әлдибеков Ардақ, Қойлыбаев Бек, Мүсірбаев Самат, Раева Бақыт, Себдайыр Марат үгіт-насихат жұмыстары барысында ауданның шаруа қожалықтарын аралады. Шаруа қожалықтардың атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, талап тілектерін біліп қайтты. Шаруасын дөңгелетіп, ауыздарын аққа малып отырған шаруа қожалықтар ауданымыздың экономикасын дамытуға үлкен үлес қосуда. Кездесу барысында кандидаттар «бүгінгі таңда 78 пайыз немесе 1,6 млн. адам ауылдық жерлерде тұрады. Өңірде мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуге жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуды өзінің міндеті санайтындығын»,- жеткізді. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азықтүлік тауарларымен тұрақты толықтыру мәселелері ерекше маңызды және өзекті болып отырғаны белгілі. Бағдарлама барысында ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, оны одан әрі ұлғайтуға күш-жігер біріктіріп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін 84 шақырым суландыру каналдарын қайта жөндеуден өткізіп, іске қосу және 5800 гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарда бар. Мал шаруашылығының дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарымыздың жұмысына сәттілік пен береке тілеп, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын насихаттап, ауыл шаруашылығын дамытудағы мақсат- міндеттерімен таныстырып, алдағы сайлауда белсенділік танытуларын сұрады.

Перизат Ізтелеу.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password