АУЫЛДЫҢ  ТЫНЫСЫ  КЕҢ, АЖАРЫ  АЙШЫҚТЫ

                                            Медет  АЗАНБАЕВ,

                          Сарыжаз  ауылдық  округінің  әкімі

       Райымбек  ауданының  шыға  берісінде, күре  жолдың  бойынан  орын  тепкен  Сарыжаз ауылының  халқы мемлекетіміздің  сындарлы  саясатына уақыт  үнімен  үндесе, заман  талабын  қанағаттандыруға  еселі  еңбектері  арқылы  үлес  қосып  келеді.

Ауылдық округтің барлық жер көлемі  72101 гектар жерге орналасқан, 3 елді – мекен Сарыжаз, Көмірші, Ақбейіт ауылдары құрамына кіреді. Халық саны — 5078 адам. Отбасы саны-824. Округте  19 тыл ардагері, 490 зейнеткер, 101 мүмкіндігі шектеулі жандар,

6 тұлдыр жетім балалар, 155   Алтын алқа және Күміс  алқалы аналар, 25  аз қамтылған   отбасы тұрады.  Округ аумағында 2 орта мектеп,

1 бастауыш, 1 кәсіптік – техникалық колледж — барлығы 4 білім мекемелері, 1 дәрігерлік емхана, 1 фельдшерлік амбулаториялық пункт, 1 байланыс бөлімі, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 мешіт,

32 сауда орны, 1- техника жөндеу орны, 3- шаштараз, 2 — той залы,     1  жанармай  құю бекеті, 1 орталық монша  халыққа қызмет көрсетеді.

Округте мал дәрігерінің, ақсақалдар алқасының, шаруа қожалықтары төрағаларымен, учаскелік инспектордың қатысуымен  жұмысшы тобы құрылып, кезекшіліктер ұйымдастырылды. Округтің экономикалық даму бағыты егін және мал шаруашылығы салаларына негізделген. Барлық ауыл шаруашылық жер көлемі 72101 га, оның ішінде  егістік жер 4937 га, шабындық 1080 га, жайылымдық  21036 га жерді  құрап 249 шаруа қожалықтары игеріп, жұмыстар жүргізіп келеді.

Есепті мерзім кезінде барлығы  3961 га егістік жер игеріліп, оның  ішінде 200 га күздік бидай, 600 га жерге арпа себілді. Сонымен қатар 2636 га жерге көпжылдық шөп егілді.  500 га картоп, 25 га жерге көкөніс себілді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына   екі  К –700,  бір  ДТ –75, он алты дана доңғалақты тракторлар, оның ішінде (МТЗ, ЮМЗ, Т- 40, Т – 25) және 2  тұқым сепкіш, 14 ауыл шаруашылық техникалық агрегаттары пайдаланылды. Сонымен қатар «Қабанды» ішкі каналын жасауға жобалық сметалық құжаттарын дайындауға қаражат бөлініп, құжаттары жасалуда.

Ауыл шаруашылығын дамытуда егін егіп, жоғарғы көрсеткіштерге жеткен «Самат» шаруа қожалығы  төрағасы  Мүсірбаев  Сартаубай, «Әміржан» ш/қ төрағасы Нұрмұханбетов Бақытжан, «Олжас» ш/қ төрағасы Сейдалимов Нуртәліп, «Байсерке» ш/қ  төрағасы Жүнісбеков Ержанды атап өткен жөн.

 Мал шаруашылығы  бойынша жеке аулалар мен шаруа қожалықтарында – 6650 бас  ірі қара малы , о.і. аналығы  3490 бас, жылқы — 3919 бас, о.і. аналығы 1391 бас, қой – ешкі барлығы  29900 бас, о.і. аналығы 14244 бас  бағылып, өсірілуде. Қазіргі кезде

67 қыстақта  малшылар  отыр. Барлық малшы отарлары мал азықтарымен толық қамтылған. 19008 тонна  мал азығы дайындалды. Жыл бойы мал бастарын дәрігерлік егу және профилактикалық шаралар талапқа сай жүргізіліп келді.

Тұқымдық түрлендіру бойынша  «Расылбай» шару қожалығы  7 бас «герефорд»  бұқасын,  «Әміржан» шаруа қожалығы  1 бас «Әулие көл» бұқасын, «Байсерке» шаруа қожалығы  2 бас «герефорт»  бұқасын сатып алып, асылдандыру жұмыстарын жүргізуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Расылбай Ғалым  73 млн. теңге несие  алып,  Ресейден  235  бас  аналық ірі қара малын әкелді,12 млн. теңгеге  ауыл шаруашылық техникаларын сатып  алды. Жыл басынан 249 шаруа қожалығы, 35 жеке кәсіпкер, 700-ден аса автокөлік жүргізуші салық төлеуші есебінде тұрып, ағымдағы жыл бойы өздерінің міндетті салық төлемдерін төлеп келді.

Сарыжаз орта мектебінде  535  оқушы, Көмірші орта мектебінде

 132 оқушы, Ақбейіт бастауыш мектебінде  12 оқушы, Сарыжаз кәсіптік техникалық  колледжінде  150  студент білім алуда.  Сарыжазда -85, Көміршіде 23, Ақбейітте -5, Кәсіптік техникалық колледжде — 30 ұстаз еңбек етеді. Сарыжаз, Көмірші орта мектептерінің жанындағы мектепке дейінгі шағын орталықта 80 бала тәрбиеленуде.2018  жылы  ҰБТ  қорытындысы бойынша Сарыжаз орта мектебінің ортақ   баллы — 92,4 , Көмірші орта мектебінің ортақ баллы — 103-ке жетіп аудан бойынша жоғары көрсеткішке жетті. Мектеп бітіруші түлектерден  25 түлек мемлекеттік грантпен жоғарғы  оқу орнына және колледждерге оқуға түскені  де  ауыл  үшін  зор  мақтаныш.

         «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 3  азамат оқып  Турбеков Досан – 1,7 млн теңге, Тұрсынбайұлы Нұрболат — 4 млн. теңге, Қасымов Ернат  — 1,2 млн. теңге мал шаруашылығын дамытуға несие алып  жұмыстарын бастады.Борибаев Ибрайм  «Іскер» бағдарламасы бойынша 2 млн 300 мың  теңге несие алып, орталық монша салып  халыққа қызмет көрсетуде.

Ауылдық  әкімшілік тарапынан  2 әлеуметтік қызметкер 10 жалғыз басты қарттар мен  1 мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыстар жасап, көмектер көрсетіп отыр.

4 дүкенге келісіммен әлеуметтік бұрыш ұйымдастырылып, 21 отбасына арзан бағамен  азық — түлік сатылады. Ауыл жастарының көмегімен мектеп жасындағы 11 бала киім, мектеп формасымен және оқу құралдарымен  қамтамасыз етілді. Ауылымыздағы мәдениет үйі ауыл жұртшылығымен бірлесе жұмыстар жасауда. Мәдениет үйінде  әжелер ансамблі жұмыс істейді.

      «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге- туыңды тік» жобасымен мектепті  1997 жылы бітірген түлектер ашық сахна салып берді. Мерекелік шараларды өткізу кезінде ауыл азаматтары мен кәсіпкерлері  үнемі қаржылай көмектер көрсетіп отырады. Ауылымыздың азаматы  Нұрқабеков  Багдат  өз қаражатына  арка  орнатып  халықтың алғысын алғысын арқалағанын  айтқан  орынды.

      Ауылдық  округте атқарылатын  жұмыстар,шешімін  күткен  өзекті  мәселелер әлі  де  бар  екенін  жасыруға  болмайды. Алдағы уақытта олардың  оңтайлы  шешілуі  үшін  тиісті  жұмыстар қолға  алынуда. Ең  басты  міндет  ауылдың  әлеуметтік  жағдайын  жақсартып, мәдениетін  көтеру, тұрғындардың  тұрмысын  түзеу. Бұл  тұрғыда  оқруг  аумағында  атқарылып  жатқан  жұмыстар  мақсатты  іске  жауап  бере  алатынына  сеніміміз  нық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password