Ауданымызда «Тіл» оқу әдістемелік орталығы ашылды

   Тіл – ұлт руханиятының, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Қазақ тілінің қоғамда қолдану аясын кеңейту, орнығу мен дамуына елімізде тіл саясаты жүргізіліп жатқаны анық. Осы орайда аудан халқына тілді кеңінен насихаттау жұмыстары мен латын графикасын үйрету мақсатында жуырда ауданымызда Алматы облыстық «Тіл» оқу әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» Райымбек  аудандық филиалының ашылу салтанаты өтті. Орталық Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінің ішінен ашылды. Мекеме қызметінің мақсаты өңірднгі ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді оқыту, қажетті оқыту-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету. Аталған шараға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметкерлері, Алматы облыстық «Тіл» оқу әдістемелік орталығының қызметкерлері,  аудан әкімі Н.Құдайбергенов, аудан әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлы, аудандық ақсақалдар алқасы, аудандық аналар кеңесі, мемлекеттік мекеме  басшылары,  БАҚ құралдары қатысты.  Аталған шараны Сүйіндік Серік Айтбайұлы жырмен шашу шашып бастап, ақсақал  Абиров Медетхан ата ақ батасын берді.

Лента кесу рәсімін аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы мен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әдіскері Жолдыбаев Жеңіс Хамитұлы жүргізіді. Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімі Н.Кеңесұлы алып, ақжарма тілегін арнады. Алматы облыстық «Тіл» оқу әдістемелік орталығы КММнің» әдіскері Ж.Жолдыбаев Райымбек  аудандық филиалының ашылуымен құттықтады. Ары қарай Райымбек аудандық «Тіл» оқу әдістемелік орталығы алғашқы сабағын өткізді.

Д.ҚАСЕНҰЛЫ

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password