Асулар алда, мақсатымыз биік

    Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан Қазақ Елі өзінің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап алды. Бәсекелестікке қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз бұл межені бағындырып, енді әлемдегі ең дамыған озық 30 мемлекеттің қатарына қосылуға бағыт түзеді. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда халық аманатын арқалаған мәслихат депутаттарына да үлкен жауапкершілік жүктелгені анық.

Мемлекеттік биліктің өкілді органдары – мәслихаттардың еліміздің саяси-қоғамдық өміріне араласуына 2019 жылғы 7 наурызда 25 жыл толды.

Қалыптасқан 25 жыл ішінде мүмкіндіктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихаттағы депутаттар корпусы қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүргізуде өз белсенділіктерін танытып келеді.

 Мәслихаттар жүйесі өз жұмысын бастаған мерзімнен бергі уақытта алты шақырылым депутаттар сайлауы өтті.

Өткен мерзім ішінде аудандық мәслихат құрамына ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, шағын және орта бизнес салаларындағы таңдаулы өкілдер сайланды. Олардың көпшілігі өздерін іскер басшы, білікті ұйымдастырушы ретінде көрсете алды.

Елім деп еңіреген азамат болмаса, елімнің ертеңі қандай болмақ? – демекші, аудандық мәслихат депутаттары өздерінің сайлау алды бағдарламаларын халық алдында тиянақты орындауға күш салды.

Маслихат депутаттары халық қалаулылары ретінде ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажы, талап-тілектерімен көп жұмыс жасады. Қалың бұқара мен билік органдары арасында алтын көпір болды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлестерін қосты.

1994 жылғы 7 наурызда өткен Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Парламенті мен мәслихаттарының сайлауында Райымбек аудандық мәслихатына 25 депутат сайланды.

Алғашқы депутаттық корпустың құрамына аудан бойынша төмендегі халық қалаулылары: М.Ұнасбаев, Г.Дәлденбаева, Д.Желдікбаев,  Қ.Күзімбеков,

Д.Әметов, Т.Дуанов, М.Бағланов, К.Байқанов, Т.Шорманов, К.Жұмабеков, Е.Құдабаев, А.Садыров, К.Әбиев, Ғ.Көштібаев, С.Қажиев, М.Мамытханов, А.Искаков, С.Құдабаев, Т.Исабаев, К.Еркінбекова, С.Асанова, О.Өтемісов, М.Райымқұлов, Е.Қонаев, Е.Кәдірахманов енді.

Бірінші шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы 1994 жылғы 30 сәуірде өткізіліп, аудандық мәслихаттың хатшысы болып білікті, атқарушы және өкілетті органдарда көп жылғы           іс-тәжірибесі бар депутат, марқұм ағамыз Мәдениет Ұнасбаев бірауыздан сайланды.

Мәслихаттардың бірінші шақырылым депутаттары жұмыс жасаған кезең- еліміз есін енді жинап келе жатқан тоқырау кезеңімен тұспа-тұс келді. Өндірістер тоқтап, қаржының жетіспеушілігіне байланысты білім, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының жұмысында көптеген қиындықтар туындап, жалпы халық тіршілігінде шұғыл шешуді қажет ететін күрделі мәселелер туындады.

Бұл кезеңдегі мәслихаттың басты міндеті – аудан бюджетіндегі көлемі шектеулі қаржының мейлінше тиімді де мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік жағдайының одан әрі төмендеуіне жол бермеу, жергілікті жерлерде орын алып отырған көптеген проблеманы қолдан келгенше шешуге тырысу болды. Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылды да.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер жағдайындағы жергілікті өкілді органдар жүйесі туралы» №130 Конституциялық Заңына сәйкес бұрынғы Кеген аудандық мәслихатының депутаттары Н.Құттықожаев, Т.Әділов, Қ.Жаңабаев, С.Досымбеков, Т.Исақұлов, К.Жөргенбаев, Е.Тазабеков, Д.Шәдібеков, М.Нағашбаев, Ж.Бікебаев, Н.Жақашев, Ж.Қабанбаев, М.Батанов, Е.Нүсіпбеков,                       Ж. Мықитанов өз өкілеттіктерін сақтап қалып, Райымбек аудандық мәслихатының депутаттық корпусының құрамына енді.

Шығып қалған бірінші сайланған мәслихат депутаттарының орнына сайлаулар өткізіліп, депутаттар Б.Әлдибеков, Т.Ақаев, Ә.Хайырова, Е.Жумалиев, Г.Еркінбекова, А.Молдакеева, Т.Наурызов, Қ.Бекмуханбетов, Г.Ақылбаева, С.Мешетов, Б.Қайнарбаев, А.Сүгірбекова, Н.Әбдіқасымов, Н.Сәрсенбаев сияқты депутаттармен толықты.

Бірінші шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының депутаттарының арасында депутаттық қызметі барысында өзекті мәселелерді өткір қойып, олардың шешілуіне ықпал етіп, халықтың мүдделерін білдіруде табандылық таныта білген депутаттар Байқанов Кеңесбай, Желдікбаев Дәулетхан Ахметбайұлын, Қонаев Есен Аусофияұлын, Мықитанов Жамбыл Қатайұлын, Едіге Тазабековтың, бүгінде арамызда жоқ Бағланов Мұхтар Біләлұлын, Көштібаев Ғазиз Көштібайұлын, Құдабаев Сұлтанмұратты, Нұрпейіс Құттықожаевтың, Қуатбек Жаңабаевтың ел мүддесі үшін атқарған белсенді жұмыстарын  атап өтуіміз керек.

         Уақыт талап еткен өзгерістерге сәйкес 1999 жылдың 10 қазанында  ІІ-ші шақырылған Райымбек аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

Аудан бойынша 16 сайлау округі құрылып, сайлау нәтижесімен 16 халық қалаулылары сайланды.

Олар: М.Ұнасбаев, Б.Рысқұлов, Ж.Мықитанов, А.Нүсіпов, М.Қораласов, Ж.Бікебаев, Н.Әбдіқасымов, Е.Тазабеков, М.Сатаев, Ә.Хайырова, Ә.Асқарбаев, К.Байқанов, Ұ.Әбек, А.Шманов, О.Өтемісов, И.Жақсыбаев.

Сонымен қатар шығып қалған мәслихат депутатының орнына Ж.Демежанов сайланды.

Аудандық мәслихат депутаттарының шешімімен аудандық мәслихаттың хатшысы болып екінші мәрте білікті басшы Ұнасбаев Мәдениет қайта сайланса, мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып тәжірибесі мол депутат Тазабеков Едіге сайланды.

2003 жылғы 20 қыркүйекте ІІІ-ші шақырылған Райымбек аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

Сайлау нәтижелерінде, үшінші шақырылған аудандық мәслихаттың құрамына: М.Ұнасбаев, Ж.Адасбаев, А.Әбдіқұлова, Н.Әбдіқасымов,  Н.Әлиев, Қ.Бағашаров, Д.Дуанқұлов, Б.Қайнарбаев, С.Қожахметов, Қ.Молдасанов, Т.Нүсіпқожаев, Б.Сыдықбаев, Р.Таударбекова, Е.Тазабеков, Қ.Тілепбергенов, С.Чотбаева сайланды.

Ұйымдастыру сессиясында аудандық мәслихаттың хатшысы болып, үшінші мәрте М.Ұнасбаев сайланды. Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына Ж.Байбосынов, Б.Тілемісов,  сайланды

2007 жылғы 18 тамызда IV-ші шақырылған Райымбек аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Осы сайлау кезеңінде «Нұр Отан», «Ауыл» партиялары белсенділік танытты, мәслихат құрамына сайланды.

Сайлау нәтижелерінде, төртінші шақырылған аудандық мәслихаттың құрамына: Ұ.Әбек, Ж.Байбосынов, Д.Бейсебаев, Қ.Жаңабаев, С.Жексенбиев, Б.Қали, С.Мешетов, Т.Нүсіпқожаев, Д.Оразақынов, С.Саниязов, Е.Тазабеков, Б.Тілемісов, Қ.Тілепбергенов, М.Тұрлықожаев, Ж.Үйсінбаев, С.Чотбаева сайланды. Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына Н.Әлиев, О.Өтемісов, С.Кенетаева, Р.Таударбекова сайланды. Мәслихат хатшысы болып баламалы негізде Әбек Ұлықпан сайланды.

 2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өткізіліп, V-ші шақырылған   Райымбек аудандық мәслихатына 16 округтен баламалы негізде саяси партиялардан, өзін-өзі ұсыну жолдарымен үміткерлер қатынасып, онда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясынан түскен үміткерлер басым дауыспен 16 мандатқа ие болды.

Сайлау нәтижелері бойынша аудандық мәслихаттың құрамына: Е.Құдабаев, Г.Таударбекова, С.Кенетаева, С.Саниязов, Н.Советов, М.Тұрлықожаев, Б.Тілемісов, Р.Абдрахманов, С.Жексембиев, Д.Жиенбекова, Т.Тумабаев, С.Сатылғанов, Т.Нүсіпқожаев, Ұ.Әбек, Н.Алиев, К.Қырықбаева, шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына Қ.Бошугулов сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы болып Құдабаев Ерлан Әкімбайұлы сайланды.

VI-ші шақырылған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы 2016 жылдың 20 наурызда өткізілді.

         Райымбек аудандық мәслихатына 16 сайлау округтері бойынша  баламалы негізде, оның ішінде  14 сайлау округі бойынша үштен, 2 сайлау округі бойынша екіден, барлығы 46 депутаттыққа кандидаттың аты-жөні сайлау бюллетеніне енгізіліп, депутаттық мандат үшін сайлауға қатынасты. Қатынасқан 46  депутаттыққа  кандидаттың 16-сын «Nur Otan» партиясы, 30 – ы өзін-өзі ұсынды. «Nur Otan» партиясынан түскен үміткерлер басым дауыспен 16 мандатқа ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 31 наурыздағы        № 653 Жарлығымен Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы енгізілген өзгерістерге    байланысты аудандық мәслихат депутаттарының саны – 8.

Үстіміздегі жылы 10 қыркүйекте № 9 Нарынқол сайлау округі бойынша Тлеулиев Алмас Бекенұлының депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бүгінде алтыншы сайланған Райымбек аудандық мәслихаты депутаттарының орта жасы – 50  жасты құрайды. Депутаттардың барлығы ер азаматтар. Депутаттардың  7-еуі  де жоғары білімді.

Бүгінде  Райымбек аудандық мәслихатында  Талғат Нүсіпқожаев, Нұрбол Әлиев, Елжан Бестібаев, Самат Мүсірбаев, Қуанышбек Бошугулов, Дидар Ерназарұлы секілді  білімді, білікті, беделді  депутаттарымыз  ауданның шешуші салаларында  жемісті, абыройлы  жұмыс жасап келеді. Олар жүрген жерлеріне еңбектің де, өмірдің де өнегесін көрсетуде десем, артық айтпаймын.

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге байланысты азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі болып табылатын өзін-өзі басқарудың негізгі өкілді органы ретінде мәслихаттардың рөлі бұрынғыдан әлдеқайда күшейіп, олардың құқықтары мен құзырының аясы кеңіді.

Мәселен, депутаттар таңдаушылар ретінде Парламент Сенатының депутаттарына дауыс береді.  Ең бастысы – аудан әкімінің кандидатурасына келісім береді және ауданның ауылдық округтері әкімдерін сайлайды. Бұл жергілікті әкімдер қызметін азаматтық бақылауды күшейту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ аудандық қоғамдық кеңесті де қалыптастырады.

Райымбек аудандық мәслихаты 25 жыл ішінде халық пен атқарушы билік арасында тығыз байланыс орнатып, ел мүддесіне қатысты өңіріміздің қоғамдық-саяси және экономикалық, әлеуметтік салаларына қатысты мәселелерді тиісті құзырлы органдарға жеткізуді өзінің негізгі міндеті ретінде үнемі назарда ұстап келеді.

Аудандық мәслихат аудан әкімдігімен бірлесіп аудан бюджеті, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламалардың маңызды мәселелері бойынша тығыз ынтымақтаса жұмыс жүргізуде.

 «Тірлік басқа болса да, тілек бір, бармақ басқа болса да, білек бір» дегендей, жергілікті жерлердегі мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ететін атқарушы органдар мен халық сайлайтын және халықтың еркін білдіретін мәслихаттың алдындағы мақсат ортақ. Ол – халыққа адал қызмет ету.

                                               Ерлан  Құдабаев,

                             Райымбек аудандық 

мәслихатының  хатшысы.   

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password